Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


аралас  нысаны да бар.  Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет607/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   603   604   605   606   607   608   609   610   ...   832
Байланысты:
струков патан

аралас 
нысаны да бар. 


Нуржігіт Алтынбеков 
486
Жедел бруцеллезбен сырқаттар кейде сепсистен 
өледі
. Аурудың жеделдеу 
және созылмалы нысандарымен сырқаттардың өліміне жергілікті зақымдар 
себеп болады. 
КҮЙДІРГІ 
Күйдіргі
– бактериялық антропозооноздар тобына жататын, жедел 
инфекциялық ауру. 
Этиологиясы
. Бұл ауруды сыртқы ортаның әсеріне төзімді, споралы 
күйдіргілік таяқша (
Bac. anthracis
) қоздырады. Оның таза типін (культура) 1876 
ж. Р. Кох бөліп алған. 
Эпидемиологиясы
мен
патогенезі
. Күйдіргімен адам және үй жануарлары 
(жылқы, ірі және ұсақ қара мал) ауырады. Ол әртүрлі жолмен жануарлардан 
жұғады. Қоздырушы тері арқылы жұқса, 
терілік нысаны
, алиментарлық жолмен 
– 
ішектік
нысаны
, ал қоздырушының споралары араласқан ауа арқылы жұқса, 
алғашқы
өкпелік
нысаны
дамиды. Аурудың инкубациялық мерзімі 2–3 тәулік. 
Күйдіргі – нағыз кәсіптік ауру. Организмге түскен күйдіргілік бактерия қабық
түзетіндіктен, фагоцитоз бен иммунитет тежеледі. Қоздырушы кірген жерінде 
хемотаксис пен ұйымалы-геморрагиялы қабыну туындатады. Бактерия алдымен 
сол аймақтың лимфалық түйіндерінде көбейіп, лимфогендік жолмен жайылып, 
кейін гематогендік жолмен өрістеп, бактериемия мен сепсиске ұшыратады. 
Патологиялық анатомиясы
. Бұл ауру терілік, ішектік, алғашқы өкпелік 
және алғашқы сепсистік нысандарға жіктеледі. 
Терілік нысан 
– күйдіргінің ең жиі кездесетін нысаны. Қоздырушы кірген 
жерде (бет, мойын, аяқ пен қол, тұлға) кішірек қызыл дақ пайда болып, 
ұйымалы-геморрагиялы сұйықтық жиналып, оның орталығы күлдірейді. Көп 
кешікпей дақтың орталығын некроз шарпып, көмір тәрізденіп қараяды да, 
күйдіргілік карбункул
қалыптасады. Өйткені, ол жерде өте жедел ұйымалы-
геморрагиялы қабыну дамиды. Карбункулдың маңы су сіңіп ісініп, бактериялар 
орасан көп жиналады, бірақ фагоцитоз мүлдем дамымай, лейкоциттер де өте аз 
болады. Карбункул қалыптасқан кезде сол аймақтың лимфалық түйіндерінде 
ұйымалы-геморрагиялы 
лимфаденит
дамиды. 
Лимфалық 
түйіндердің
тамырларын қан кернеп, тіні суланып ісінеді, қанталайды; микробтар орасан 
көп болады. Лимфалық түйіндердің маңындағы клетчатка да суланып ісініп, 
қанталайды. Терілік күйдіргімен сырқаттардың көбі айығып кетеді. Дегенмен, 
олардың 1\4 
күйдіргілік сепсиске
ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   603   604   605   606   607   608   609   610   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет