Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет603/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   832
Байланысты:
струков патан

алғашқы 
аффект
— пустула немесе ойық жара пайда болады. Көбіне алғашқы аффект 
болмайды, бактериялар кірген жерінен лимфалық жолдар арқылы сол аймақтың 
лимфалық түйіндеріне (әдетте, қолтықтағы, шаптағы) жетіп, қабыну үдерісін 
өрбітеді. Сөйтіп, 
туляремиялық алғашқы бубондар
қалыптасады. Инфекция 
лимфогендік немесе гематогендік жолмен жайылады. Қоздырушы иммундық 
жауап қалыптасқан организмге жайылатындықтан, туляремиялық гранулема 
аурудың алғашқы кезеңінде-ақ түзіліп үлгереді. 
Патологиялық анатомиясы
. Ауру бубонды, өкпелік және тифоидтық (тиф 
тәрізді) нысандарға жіктеледі. 
Бубонды нысанында
туляремиялық алғашқы 
кешеннің бүкіл компоненті болуы мүмкін. Олар, әсіресе аурудың ойық жаралы-
бубонды вариантына тән. Инфект кірген жерде алдымен 
пустула
, кейін 
ойық 
жара
пайда болады. Гистологиялық тәсілмен зерттегенде эпидермисте некроз, 
ал дермада 
туляремиялық гранулемалар
болады. Гранулема эпителиоидтық, 
лимфоидтық және алып жасушалардан құрылып, орталығында некроз дамиды. 
Туляремия мен туберкулез гранулемалары ұқсас, бірақ туляремиялық 
гранулема іріңдеуге бейім. 
Туляремиялық бубондар
қамтыған лимфалық 
түйіндер ұлғайып, тығыз бірігіп кетеді, құрамына жоғарыда сипатталған 
гранулемалар мен некрозды, іріңді ошақтар кіреді. Бубон тым іріңдесе, 
жыланкөздер мен ойық жаралар қалыптасады. Жаралар ұзақ уақыт жазылмай
кейін тыртықтанады. Сөйтіп, туляремия созылмалы ауруға айналады. Үдеріс 
жалпы
 
жайылса
, гранулемалар мен іріңдіктер талақты, бауырды, лимфалық 
түйіндерді, сүйек кемігін, өкпені, эндокриндік мүшелерді де қамтиды. Талақ 
ұлғайып, сепсиске тән өзгеріске ұшырайды. Ауру 
созылмалы
болса, тіндерді 
гранулемалар мен склероз жайлайды. 
Өкпелік нысаны
қоздырушы ауа-тамшы арқылы жұққанда дамиды. Оған 
туляремиялық алғашқы пневмония
мен регионарлық лимфалық түйіндерді 
қамтитын 
лимфаденит
тән. Өкпеде қатты ошақтар пайда болады. Ол ошақтарда 
негізінен туберкулезге тән ірімтіктелген некроз байқалады. Сонымен қатар, 
қатайған ошақтарға ұйымалы-фибринді немесе ұйымалы-геморрагиялы 
экссудат жиналып, некрозды жерлері мен гранулемалары болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет