Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет604/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
484
Гранулемалар мен некрозды және іріңді ошақтар лимфалық түйіндерде де 
ұшырасады. 
Тифоидтық туляремияға
геморрагиялы септицемия тән; терінің бактерия 
кірген жері мен лимфалық түйіндер зақымдала қоймайды. Аурудың бұл 
нысанын бактериологиялық тәсілді қолданып, биологиялық эксперимент 
арқылы ғана (мәйіттен алынған материалдағы қоздырушыны жануарларға 
жұқтырып) дәйектеуге болады. 
Науқастар көбіне бұл аурудың тифоидтық (сепсис) немесе өкпелік нысанынан 
(пневмония) өледі. 
БРУЦЕЛЛЕЗ 
Бруцеллез
(қазақша: 
сарып
) — бактериялық антропозооноздар тобына 
жататын, жедел, жеделдеу немесе созылмалы инфекциялық ауру. 
Этиологиясы
. Адам патологиясындағы бруцеллез Мальта қалтырауы, яғни 
Банг ауруы тектес. Мальта қалтырауы қоздырушысын, яғни қой мен ешкіге тән 
типін (
Brucella
melitensis
) 1866 ж. Д.Брюс ешкі сүтінен тапқан. Содан бері бұл 
ауру да, оның қоздырушысы 
Brucella
да Брюстің атымен аталады. 
Ветеринарияда бруцеллез ірі қара мал мен шошқаның инфекциялық түсігінің 
бірден-бір себебі деп есептеледі. Ірі қара мал түсігінің қоздырушысын (
Brucella
abortus
), яғни бруцелланың қара малға тән типін 1897 ж. Банг, ал шошқа 
түсігінің қоздырушысын (
Brucella
suis
), яғни бруцелланың шошқаға тән типін, 
1914 ж. Дж.Траум ашқан. Қазір бруцелланың осы үш типі бір топқа 
жатқызылған; үшеуі де адам үшін патогенді. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Адамға бруцелланың қара малға және 
шошқаға тән нысаны жұқса, 
жекелеген
бруцеллез, ал қой мен ешкіге тән 
нысаны жұқса, 
эпидемиялы
бруцеллез дамиды. Ауру тері, тынысалу 
жолдарының шырышты қабықшалары арқылы немесе сүт пен оның өнімдері 
арқылы, алиментарлық жолмен жұғады. Бруцеллез – көбіне кәсіптік ауру; мал 
шаруашылығының еңбеккерлері ауырады. Инкубациялық мерзімі 1–3 апта. 
Бактерия кірген жер зақымдалмайды. Қоздырушы өзі кірген аймақтың 
лимфалық түйіндерінде көбейіп барып, организмге гематогендік жолмен 
жайылады. Ауру бруцелламен сенсибилизациялаған организмде өрбіп, әр 
кезеңінде әртүрлі иммундық жауап туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   600   601   602   603   604   605   606   607   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет