гистологиялық тәсілмен зерттегенде , оның тіні мен қабықшалары
геморрагиялы қабынып, ұсақ тамырларының қабырғасы жыртылып,
саңылауына күйдіргілік таяқшалар орасан көп жиналғаны көрінеді. Күйдіргілік
бактериялар ми мен оның қабықшаларындағы қан тамырларын ғана емес, басқа
мүшелердің қан тамырларын (капиллярлар мен артериолалар) да түгел жайлап,
олардың саңылауына «қоныстайды».
Күйдіргімен сырқаттар сепсистен
өледі . Мәйітті зерттеу арқылы анықталған
диагнозды бактериоскопиялық тәсілмен дәйектеу қажет.
ҚАЙТАЛАМАЛЫ СҮЗЕК Қайталамалы сүзек (
typhus reccurens ) – күрт басталып, жедел дамитын
инфекциялық ауру; даму барысында қалтырау мезгіл–мезгіл қайталанып, бас
және бұлшықеттер ауырады, уытты әсер мен гепатолиеналдық синдром
байқалады.
Этиологиясы мен патогенезі . Бұл ауруды қайталамалы сүзектің спирохетасы
(
Borrelia reccurentis ) қоздырады. Оны 1873 ж. О. Обермайер науқастың қанынан
тапқан. Спирохета моноциттік жүйенің жасушаларында көбейіп, нейротроптық
(ОЖЖ) және вазопараличтік әсері бар эндотоксин бөледі. Адамға жәндіктер,
көбіне бит арқылы жұғады. Спирохета жәндіктердің іш қуысы мен
гемолимфасында көбейіп, қоршаған ортаға бөлінбейді; шаққан кезде бит езіліп,
тырнаған жер зақымдалса ғана жұғады. Инкубациялық мерзімі 3 тәуліктен 30
тәулікке дейін. Бұл кезеңнің соңында қоздырушы қанға өтіп, эндотоксин бөледі.
Спирохета қан арнасында қалтырау ұстаған кезде ғана болып, одан соң ғайып
болады. Және, әр ұстама кезінде қанда болған қоздырушы мен келесі
ұстамадағы
қоздырушының
антигенінде
айырмашылық
байқалады.
Қалтыраудың қайталана беруінің басты себебі – қоздырушы макрофагтарда
үздіксіз болады (персистенция).