Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет612/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Біріншілік туберкулездің морфологиялық негізі 
– туберкулездік алғашқы кешен (XXIV тәсім). Біріншілік туберкулез кешеніне 3 
компонент кіреді (267-сурет): мүшедегі зақымды ошақ – 
алғашқы ошақ,
яғни
аффект
, қабынған лимфалық тамырлар – 
лимфангит
және қабынған лимфалық 
түйіндер – 
лимфаденит
.
267-сурет. Туберкулездік алғашқы кешен. 
Оң жақ өкпенің төменгі бөліміндегі алғашқы аффект, 
туберкулездік лимфангит пен казеозды лимфаденит. 
Туберкулез микобактериясы 
аэрогендік жолмен
жұқса, өкпенің аэрациясы 
жақсы жерлерін зақымдайды. Сондықтан алғашқы ошақ (аффект) көбіне оң жақ 
өкпенің ІІІ, VIII, IX, X сегменттерінде (көбіне ІІІ сегментте), плеврамен тұстас 
жерде қалыптасады. Алдымен экссудатты қабыну байқалып, ол тез арада 
некрозға ұласып, 
казеозды пневмония
дамиды. Оның айналасын қабынған 
(перифокалды) өңір қоршайды. Алғашқы аффектінің көлемі әртүрлі болады: 
бірде ол микроскоппен ғана көрінетін альвеолит қана болса, көбіне ацинуспен 
немесе бөлікшемен шектеледі, бірен-сараны ғана сегментті қамтиды. Өкпе 
бөлімінің толық зақымдалуы сирек. Алғашқы аффектідегі казеозды өлекседе 
өкпенің 
эластикалық 
және 
аргирофилді 
талшықтары 
ұзақ 
уақыт 


Нуржігіт Алтынбеков 
490
зақымдалмайды. Қабыну үдерісі үнемі плевраны да қамтып, фибринді немесе 
ұйымалы-фибринді плеврит өрістейді. 
 
XXIV тәсім. Біріншілік туберкулез ағымының варианттары
І

ІІ

ІІІ
 
IV 

Спецификалы қабыну үдерісі алғашқы аффектіден тез арада оның маңындағы 


лимфалық тамырларға жайылып, 
туберкулездік лимфангит
дамиды. Өкпенің 
түбіріне қарай тартылған лимфалық арнада лимфостаз дамып, төңірегіндегі тін 
су сіңіп ісінеді, туберкулез төбешіктері қалыптасады. Бұл төбешіктер алғашқы 
аффекті мен өкпе түбіріндегі лимфалық түйіндердің арасында тізбектеліп, 
жолақ түзеді. 
Көп кешікпей қабыну үдерісі бронхы-өкпелік, бронхылық және 
бифуркациялық лимфалық түйіндерге жайылып, олар да спецификалы 
қабынады, тез арада казеозды некроз өрістейді. Сөйтіп, тотал 
туберкулездік 
казеозды лимфаденит
дамиды. Лимфалық түйіндер бірнеше есе ұлғайып, 
кесіндісінен тек қана некроз көрінеді. Әдетте, сол аймақтың лимфалық 
түйіндері алғашқы аффектіге қарағанда ауырлау зақымдалады. 
Кеуде қуысындағы лимфалық түйіндерді казеозды некроз шарпып, 
маңындағы клетчаткада айқындығы әртүрлі перифокал қабыну дамиды; ауру 
ауыр ағымды болса, кейін ол жерлер де ірімтіктелген некрозға ұшырайды. 
Лимфаденит 
Алғашқы аффект 
Казеозды лимфаденит 
Инкапсуляция 
Склероз 
Инкапсуляция 
Петрификация 
Петрификация 
Өршу 
Өршу 
Аффектінің өсуі 
Гематогенді 
генерализация 
Гематогенді 
генерализация 
Казеозды 
пневмония 
Өкпедегі шашыранды ошақтар 
Лимфабезді 
генерализация 
Алғашқы 
каверна 
Басқа мүшелердегі шашыранды ошақтар 
Өкпелік 
алғашқы көксау
Милиарлы 
туберкулез
Милиарлы 
туберкулез
Біріншілік созылмалы
туберкулез
Біріншілік созылмалы
туберкулез 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   608   609   610   611   612   613   614   615   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет