Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет611/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі. 
Туберкулез микобактериясын 1882 ж. Р. Кох 
ашқан-ды. Микобактерияның адамда, ірі қара малда, құстарда және 


Нуржігіт Алтынбеков 
489
суыққандыларда ауру туғызатын төрт типі бар. Адам үшін микобактерияның 
алғашқы аталған екі типі патогенді. Туберкулез микобактериясына мынадай 
ерекшіліктер тән: оттегі мол тіндерде өте жақсы өсіп, оттегісіз де өсе алады 
(факультативті анаэроб); өте өзгергіш, оның тармақты, кокктәрізді түрлері және 
L-нысаны химиопрепараттардың әсерінен жасушалық қабығын жоғалтып, 
организмде ұзақ уақыт тіршілік етеді (персистенция). Туберкулездің патогенезі 
микобактерияның организмге өтуіне, тін мен мүшемен әрекеттесу сипатына 
негізделеді. Ал туберкулездің басталу сипаты, даму барысы мен ақыры 
организмнің иммундық ахуалы мен сезімталдығының нысанына айтарлықтай 
тәуелді. Организмнің сезімталдығы туберкулездің клиника-морфологиялық 
бейнесін әр алуан етіп, оның сол ерекшелігіне негіз болады, клиникалық 
диагностиканы да қиындата түседі. 
Патологиялық анатомиясы
. Туберкулез үш негізгі нысанға, яғни біріншілік, 
гематогендік және салдарлық түберкулезге жіктеледі. 
Б
ІРІНШІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗ
 
Біріншілік туберкулезге
 
мына ерекшеліктер тән:1) қоздырушы жұққан кезде, 
яғни организм микобактериямен алғаш рет кездескенде дамиды, 2) 
сенсибилизация мен аллергия да, гиперсезімталдықтың жедел типі де (ГЖТ) 
орын алады; 3) некрозды-экссудатты қабыну басым; 4) гематогендік және 
лимфогендік (лимфа-безді) жолмен жалпы жайылуға (генерализация) бейім; 5) 
васкулит, артрит, серозит сияқты параспецификалық үдерістер өрістейді. 
Қоздырушы, әдетте аэрогендік, кейде алиментарлық жолмен жұғады. 
Біріншілік туберкулезбен көбінесе балалар ауырады. Бірақ соңғы жылдары 
біріншілік туберкулезбен балаларды ауыртпауға арналған алдын алу ісі 
жақсарып, қазір туберкулездің бұл нысаны жасөспірімдер мен ересек адамдарда 
жиірек байқалатын болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет