Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет630/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   626   627   628   629   630   631   632   633   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
504
жұлынның тінінен боз трепонемалар табылады. 
Т
УМА СИФИЛИС
 
Тума сифилис
– нәрестеге плацента арқылы ананың құрсағында жұққан 
сифилис. Оның 3 нысаны бар: 1) өлі туылған шала шарананың сифилисі; 2) 
жаңа туған нәресте мен емшектегі сәбилердің тума (ерте) сифилисі; 3) 
балабақша мен мектеп жасындағы балалар және ересектердің тума (кешеуіл) 
сифилисі. Тума сифилис тіндерді түрлі сипатта зақымдайды. Кейбір зақым 
трепонеманың тікелей әсерінен туындаса, енді бірі осы әсерден нәресте 
мүшелерінің қалыптасуы тежелгендіктен немесе дұрыс болмағандықтан 
(дисплазия) дамиды. 
Өлі туған шала шарананың сифилисінен
, әдетте шарана ана құрсағында VI 
және VII айлығында өледі. Сондықтан ол мерзімінен бұрын, терісі жидіп 
(мацерация) туылады. Нәрестенің өліміне трепонеманың уытты әсері себеп 
болады. 
Тума ерте сифилис
көбінесе нәресте туғаннан кейінгі екі айдан соң білінеді. 
Бүйрек, өкпе, бауыр, сүйек, орталық жүйке жүйесі зақымдалады. 
Теріде
папуллалы және пустуллалы сифилидтер пайда болады. 
Өкпеде
сифилистік 
интерстицийлік пневмония
дамып, склероз өрістейді, тіні қатаяды. Өкпенің 
кесіндісі ақшыл түсті болады, сондықтан бұл үдерісті Р. Вирхов 
«ақ пневмония»
деп атаған. 
Бауырда интерстицийлік гепатит
дамып (280-сурет), аралық тініне 
жұмырядролы жасушалар шоғырланып, 
милиарлы гуммалар
қалыптасады, 
склероз да өрістейді. Бауырдың кесіндісі қоңыр түсті болады 
(«кремний 
бауыр»)

Сүйектердің
эпифизіндегі шеміршектер дұрыс ізбестенбей, тіні де 
дұрыс түзілмейді, оған қоса эпифиздің маңындағы сүйек қабынып, сифилистік 
эндопериваскулит байқалады. Бұл үдеріс ортан жіліктің төменгі эпифизі мен 
диафизінің аралығында және қабырғалар мен төс сүйегінде дамиды 
(
сифилистік остеохондрит
). Сүйек пен шеміршек байламдарының арасы ирек, 
кетік болады. Мидың тіні мен қан тамырлары және қабықшалары қабынады 
(
сифилистік энцефалит, менингит
). Тума ерте сифилиске тән сипатталған 
өзгерістермен қатар, кейде мүшелерде трепонемалы ұсақ ошақтар қалыптасады. 
Олар – некрозды тін мен ыдыраған лейкоциттерден құрылған 
милиарлы 
гуммалар
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   626   627   628   629   630   631   632   633   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет