Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет627/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   832
Сифилистің екіншілік кезеңі
– аурудың гиперергиялық негізде жалпы 
жайылған кезеңі. Ол қоздырушы жұққаннан соң 6-10 аптадан кейін басталады. 
Тері мен шырышты қабықшалар қабынып, 
сифилидтер
пайда болады. Қабыну 
үдерісінің қарқынына, оның экссудатты немесе некробиозды болуына қарай, 


Нуржігіт Алтынбеков 
502
олар да әртүрлі болып, көбіне розеолалы, папулалы немесе пустулалы 
сифилидтер байқалады. Сифилидтің қандай нысаны дамыса да, ол жердің терісі 
немесе шырышты қабықшасы су сіңіп ісініп, жамылғы эпителийі күлдірейді, 
тамырларының саңылауына қан толып, қабырғасын некроз шарпып, төңірегіне 
жасушалар шоғырланады. Сифилидтерге трепонемалар өте көп жиналады. Егер 
папула немесе пустула жарылып, ойық жараға айналса, трепонемалар кейде 
қоршаған ортаға шашырайды, сондықтан да сифилис бұл кезеңінде өте 
жұқпалы. Лимфалық түйіндер су сіңіп ісініп, ұлғаяды, тінінде некрозды 
ошақтар мен трепонемалар шоғыры болады. Жазылған сифилидтердің (бөрте 
бастағаннан 3-6 аптадан соң) орнын ақшыл түсті, кішірек тыртық басады. 
Үшіншілік кезең
ауру жұққаннан соң 3-6 жылдан кейін дамиды, созылмалы 
интерстицийлік қабыну өрістейді және гуммалар қалыптасады. 
Бауырды, өкпені, қолқаның қабырғасын, енді 
диффузды интерстицийлік 
созылмалы қабыну
жайлайды. Қан тамырлардың өне бойына негізінен 
лимфоциттер мен плазмациттер шоғырланып, пролиферациялы эндартериит 
пен лимфангит орын алады. Кейін мүшелерде 
сифилистік цирроз
дамиды; 
көбіне ол бауырда айқын болып, оны бөлшектеп, сиқын бұзады. 
Гумма 
– сифилистік гранулема (73-суретті қара); шектелген пролиферациялы-
некрозды қабыну үдерісіне негізделеді («
Қабынуды»
қара). Гумма жеке 
(солитарлы) немесе көп болады. Көбінесе бауырда, теріде, жұмсақ тіндерде 
қалыптасады. Уақыт өте келе, гуммадағы некрозды қойыртпақ тыртықтанады, 
кейде ізбестенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет