Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет635/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   832
Клиника-морфологиялық бейнесіне
қарай, сепсис 4 клиника-анатомиялық 
нысанға жіктеледі: септицемия, септикопиемия, сепсистік (бактериялық) 
эндокардит пен хронисепсис. 
С
ЕПТИЦЕМИЯ
 
Септицемия
– сепсистің токсикалы әрі өте тез дамитын нысаны; науқас 
денесі қызып, есеңгірейді, сезімталдық артады (гиперергия), іріңді метастаздар 
қалыптаспайды. Ауру күрт дамиды.
Оны көбіне стрептококк қоздырады. Септицемиядан өлгендердің мәйітін 
зерттегенде, әдетте сепсистік ошақ (инфекцияның кірген жері) табылмайды 
немесе ол онша айқын болмайды. Көбіне тері мен көздің ағы сарғаяды 
(
гемолиздік сарғаю
). Теріде петехийлік бөртпелер, сірі және шырышты 
қабықшалар мен бірқатар ішкі мүшелерде қанды дақтар пайда болып, 
геморрагиялық синдром
байқалады. Лимфалық және қан жасайтын тін көбейіп 
өседі (гиперплазия). Соның салдарынан лимфалық түйіндер мен талақ ұлғайып 
(
сепсистік
талақ
), пульпасынан мол қырынды түседі. Талақ пен лимфалық 
түйіндерде лимфоциттер мен ретикулалық жасушалар көбейеді, толысқан және 
толыспаған гемопоэздік жасушалар шоғырланады. Жайпақ сүйектер мен 
жіліктердің диафизінде қанның жасалуы үдеп, жас жасушалар көбейеді. 
Сондай-ақ, сүйек кемігінен басқа да жерлерде қан жасала бастайды. Жүрек, 
бауыр, бүйрек сияқты паренхималы мүшелерде 
интерстийлік қабыну
өрістейді 
(281-суретті қара). Бұл мүшелердің стромасы су сіңіп ісініп, нейтрофилдер, 
лимфоциттер, гистиоциттер шоғырланады. Септицемияның барысында қан 
тамыры-тінаралық өткізгіштік артып, қан тамырларының қабырғасын 
фибриноидты некроз шарпиды, аллергиялық васкулиттің салдарынан 
геморрагиялы синдром орын алады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
508


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет