Этиологиялық ерекшелігі — сепсис
полиэтиологиялық ауру; оны
стафилококк пен стрептококк та, пневмококк пен менингококк та, көкшіл ірің
таяқшасы мен туберкулез микобактериясы да, іш сүзегінің таяқшасы мен
саңырауқұлақтар да дамыта алады (вирустар дамытпайды).
Эпидемиологиялық тұрғыдан сепсис жұқпалы ауру емес және оның
эксперименттік үлгісі жасалмайды.
Клиникалық ерекшелігі — қандай қоздырушы дамытса да, клиникалық
бейнесі
таптаурын . Өйткені қоздырушы үнемі жалпы жайылады, бірақ
организмнің жауабы оған сәйкес келмейді. Сепсистің даму барысында
инфекциялық ауруларға тән
кезеңділік байқалмайды . Оның инкубациялық
мерзімі де тұрақты емес. Сепсистің жалпы даму мерзімі бірнеше күнге немесе
айға, кейде тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан да, ол
өте жедел, жедел, жеделдеу және
созылмалы нысандарға жіктеледі.
Сепсистің
иммунологиялық ерекшелігі –
ол
иммунитет қалыптастырмайды . Организм инфектіге сезімтал болғанмен, оның әсеріне
сәйкес жауап бермейді, көбіне гиперергиялық жауап басым болады.
Сепсистің
патанатомиялық ерекшелігі — оған тән, яғни
спецификалы жергілікті және жалпы өзгерістер
жоқ; ал әр инфекциялық ауруда (мыс., бөртпе
сүзек пен іш сүзегі, дизентерия, т.б) ондай өзгерістер болатыны белгілі.
Сепсис — ауыр ағымды әрі жиі байқалатын инфекциялық ауру. Ол өлім-
жітіммен де жиі аяқталады. Соңғы онжылдықтарда бактериялардың
антибиотиктерге төзімді штамдары қалыптасты және иммунитет тапшылығына
ұрындыратын цитостатикалық препараттар кең қолданылып жүр, сондықтан
сепсис те жиірек байқалатын болды.
Патогенезі. Бұл ауру басталғанда үнемі бактериемия орын алады, бірақ ол
сепсистің дамуына қажетті алғышарттардың бірі ғана. Бактериемия бірқатар
(мыс., іш сүзегі, туберкулез сияқты) басқа да ауруларда байқалатыны белгілі,
бірақ ол үнемі сепсиске ұшырата қоймайды. Соңғы кезге дейін сепсис
микробтың ерекше қасиетінен гөрі организмнің оған ерекше жауабымен
байланысты ауру деп есептелінетін. Сондықтан ол этиологиялық тұрғыдан
инфекциялық ауру емес, организмнің әртүрлі инфекцияға қарсы бағытталған
ерекше жауабы деп қаралып, патогенезінде микробтан гөрі организмнің
ахуалына басты мән берілетін. Бұл көзқарас А.И. Абрикосов (1944) пен И.В