Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


З ЕҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН АУРУЛАР



Pdf көрінісі
бет646/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   832
З
ЕҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН АУРУЛАР
 
Аспергиллез
– адамда, жануарлар мен құстарда кездесетін ауру. Оны 
табиғатта кең тараған, әрі аэробты болғандықтан, топырақта өмір сүретін 
бірнеше түрлі 
Aspergillus
(көбіне 
Aspergillus
fumergatus
) қоздырады. Әдетте, 
аспергиллез құрамында саңырауқұлақ бар өнімдердің әсеріне көп 
ұшырағандарда байқалады. Өкпе аспергиллезі, әсіресе кейбір кәсіп иелерінде, 
мысалы, 
көгершін 
асырайтындарда 
(көгершінді 
тікелей 
аузымен 
тамақтандыратындар), қылшық тарайтындарда жиі байқалады. Ауру аэрогендік 
жолмен жұғады. Антибиотиктер, стероидтық гормондар және цитостатиктермен 
тым көп емделгендерде аспергеллез аутоинфекция ретінде дамиды. 
Патологиялық анатомиясы
. Осы ауруға тән бейне өкпелік аспергиллезде 
байқалады. Оны Слайтер (1847) мен Р. Вирхов (1851) сипаттаған-ды. Өкпе 
аспергиллезі дербес ауру ретінде 4 нысанға жіктеледі: 1) өкпенің іріңсіз 
аспергиллезі. Орталығы ақшыл, өзі бозғылт қоңыр ошақтар қалыптасып, 
олардың арасына саңырауқұлақтар жиналады; 2) өкпенің іріңді аспергиллезі; 
некрозды, іріңді ошақтар қалыптасады; 3) аспергиллездік мицетома — бұл 
аурудың ерекше нысаны; өкпеде бронхэктаздық қуыстар немесе абсцестер
пайда болады. Қоздырушы қуыстардың ішкі бетін жайлап, қалың әрі бүріскен 
мембраналар түзеді. Мембраналар сыдырылып, қуыстың ішіне жиналады; 4) 
туберкулоидтық аспергиллез; өкпеде туберкулез түйіншіктеріне ұқсайтын 
түйіншектер түзіледі. 
Аспергиллездің біразы бронхит, бронхэктазды ауру, өкпе абсцесі мен 
карциномасы, фиброзды каверналы туберкулез сияқты созылмалы өкпе 
ауруларына қосарланады. Ондайда бронхының немесе кавернаның ішкі бетін 
жұқа ғана зең басады. Аспергиллез бұндай жағдайда негізгі патологиялық 
үдеріске қосарланған сапрофиттік ауру ғана. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   642   643   644   645   646   647   648   649   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет