Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


А ШЫТҚЫ ТӘРІЗДІ ЖӘНЕ АШЫТҚЫЛЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН



Pdf көрінісі
бет644/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   640   641   642   643   644   645   646   647   ...   832
Байланысты:
струков патан

А
ШЫТҚЫ ТӘРІЗДІ ЖӘНЕ АШЫТҚЫЛЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН 
АУРУЛАР
 
Кандидоз
(синонимдері: кандидамикоз, монилиаз, оидиомикоз), яғни 
уылжу
– 
ішкі мүшелік микоздардың ең кең тараған және жиі нысаны. Оны ашытқы 
тәрізді саңырауқұлақтардың 
Candida
нысаны, көбіне 
Candida albicans
дамытады. Саңырауқұлақтың бұл нысаны бүршіктену арқылы көбейіп, 
құрамындағы ашытқылық жасушалар жалған мицелийдің жіпшелері тәрізденіп 
жайғасады; ШИҚ-реакциясы арқылы жақсы айқындалады. Бұл аурудың екі 
нысаны бар: кандидатасымалдаушылық және кандидоз. 
Кандидоз
– айқын бейнелі аутоинфекция. Ол әртүрлі факторлардан, көбіне 
антибиотиктер мен кортикостероидтарды дұрыс қолданбағанда дамиды; оның 
үстіне саңырауқұлақ түзетін өнімге организмнің ерекше сезімталдығы да 
айтарлықтай әсер етеді. Кандидоздың екі нысаны бар: түрткі әсерсіз-ақ дамып, 
көбіне балаларда байқалатын – 
біріншілік кандидоз
және әртүрлі фактордың 


Нуржігіт Алтынбеков 
514
(мыс., вирустық инфекция) организмге әсерінен дамитын – 
салдарлық
 
кандидоз
.
Патологиялық анатомиясы
. Кандидоз жеке мүшені (мыс:, терінің, асқорыту 
жолының шырышты қабықшасының, зәршығару жолы мен бүйректің, өкпенің, 
т.б. мүшелердің кандидозы, жарақат кандидозы) зақымдап, жергілікті және 
жалпы нысанда дамиды. 
Жергілікті кандидоз
көбінесе көпқабатты жайпақ эпителиймен астарланған 
шырышты
қабықшаларды
зақымдайды. Өйткені саңырауқұлақтың бұл 
нысаны гликогені мол көпқабатты жайпақ эпителийде жақсы өседі (тропизм). 
Саңырауқұлақ шырышты қабықшаның үстін жайлап, қоңыр түсті өңез түзеді. 
Өңездің құрамына шырмалған псевдомицелийлік жіпшелер мен сыдырылған 
эпителий және нейтрофилдер кіреді. Саңырауқұлақ шырышты қабықшаға терең 
жайылса, некрозды ошақтар пайда болып, ол жерлер сау тіннен нейтрофилді 
өңір арқылы шектеледі. Псевдомицелийлер қан тамырларының саңылауына 
өтіп, басқа мүшелерге метастаз жаяды. Ішкі мүшелердегі саңырауқұлақтардың 
айналасына жасушалар шоғырланып, олардың негізін де псевдомицелийдің 
жіпшелеріне шырмалған өлі нейтрофилдер құрайды. Науқас адам тым әлсіресе, 
кандидоздық ошақтарда іріңді үдерістен гөрі некроз басым болады. Ал 
организмнің қарсылығы кемісе, лейкоциттер шоғырын грануляциялық тін 
шектеп, саңырауқұлақтар өте сирек ұшырасатын болады. Ауру ұзаққа созылса, 
пролиферациялы қабыну басымырақ дамып, 
гранулемалар
қалыптасады. 
Гранулеманың негізін фибробластылар мен цитоплазмасында бүршіктеніп 
бөлінген саңырауқұлақтар және оның үзік жіпшелері бар алып жасушалар 
қалайды. 
Кандидоз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   640   641   642   643   644   645   646   647   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет