Нуржігіт Алтынбеков
535
дамуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіндегі кемістік гендік мутациядан
туындайтыны да күмәнсіз; өйткені, әдетте олар хромосомалық ауруларға тән
көпқұрамды кемістіктермен бірге дамиды. Бұл кемістіктер қалыптасу үшін
зақымдағыш фактор ұрықтық және ерте феталдық кезеңде ұзақ уақыт әсер етуі
шарт. Егер қалыптаса бастаған жүйкелік түтікше зақымдалса (құрсақтағы
кезеңнің 3–4-ші аптасы), орталық жүйке жүйесіндегі кемістіктер ауыр ақаулы
болады.
Патологиялық
анатомиясы
.
Орталық
жүйке
жүйесіндегі
тума
кемістіктердің ең ауыр ақаулы түрлері төменде сипатталған.
Анэнцефалия
– мидың алдыңғы, ортанғы, кейде тіпті артқы бөлімдері
қалыптаспайды (мидың агенезиясы); сопақша ми мен жұлын болады. Мидың
орнын көптамырлы дәнекер тін жайлап, оның арасынан бірен-саран нейрондар
мен нейроглиялық жасушалар ұшырасады. Анэнцефалия акраниямен бірге
дамиды, ми сауытының сүйектері, оны жауып тұратын жұмсақ тіндер мен тері
де болмайды.
Микроцефалия
– мидың массасы мен көлемі толық жетілмейді (гипоплазия);
бассүйегі кішірейіп, сүйектері қалыңдайды. Оның даму дәрежесі әртүрлі
болады.
Микрогирия
– мидың иірімдері көбейіп, көлемі кішірейеді.
Порэнцефалия
– мида түрлі көлемді қуыстар пайда болады. Олар
эпендимамен астарланып, бүйірлік қарыншалармен жалғасып жатады. Оны
жалған порэнцефалиядан ажырата білген жөн. Жалған порэнцефалияның
қуыстары мидың түрлі себептен жұмсарған жерлерінде пайда болып, ми
сұйықтығы ағатын жолдармен жалғаспайды.
Достарыңызбен бөлісу: