Этиологиясы мен патогенезі . Бластопатиялар көбіне хромосомалық
аберрация мен қоршаған ортаның әсерінен (жүкті ана эндокриндік аурулармен
сырқаттанса, гипоксия, т.б. себептер) дамиды. Оның патогенезі бластоцистаның
қалай зақымдалғанына байланысты. Мысалы, кемтар егіздер жұмыртқа жасуша
бөлшектенген кезде екі немесе одан да көп жеке өнетін орталықтар
қалыптасқандықтан пайда болады. Егер әр орталық толық жіктелсе, онда бір
жұмыртқа жасушадан бірі екіншісіне тәуелсіз егіз пайда болып, дұрыс дамиды;
бұны бластопатияға жатқызуға болмайды. Егер өнетін орталықтары жуық
орналасса немесе егіздің екеуіне ортақ аралық аймақ болса, онда егіздер бірігіп,
тұтасқан егіздер туады. Егіздердің кемісі де, дұрысы да
симметриялы немесе
ассиметриялы болады.
Бластопатияның морфологиялық бейнесі алуан түрлі. Оған бластоциста дұрыс
бекімегенде байқалатын мына өзгерістер жатады: эктопиялық жүктілік;
бластоцистаның
эндометрийге
үстіртін
немесе
тым
терең
бекуі;
бластоцистадағы эмбриобластының эндометрийге дұрыс бағытталмауы;
эмбриобласт қалыптаспай немесе жойылып, ұрықтық қалташаның бос қалуы;
эмбрионның түгел кеміс болуы; жеке кемтардың немесе кемтар егіздің
қалыптасуы; трофобластының, яғни оның құрамындағы амнионның, амнион
аяқшасы мен саруызды қалташаның қалыптаспауы немесе шала қалыптасуы.
Бластоциста жатырға
үстіртін немесе
тым терең кірігіп бекісе , плацентаның
(бала жолдасының) пішіні бұзылады, бекитін орны өзгереді, кейде сол себептен
туу кезеңінде нәресте өледі (төменде берілген). Қалыпты топографиясынан
инверсияланып (ауытқып
), дұрыс бағытталмаған эмбриобласт та әрі дамымай
жойылады (төменде берілген). Егер ол толық инверсияланбаса, кіндік бауда
кемістік қалыптасып, онда да кейде нәресте туу кезеңінде өледі (төменде
берілген).
Ұрықтық қалташа бос қалса, бластоцистада эмбриобласт мүлде