Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет670/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   832
Байланысты:
струков патан

Тума гидроцефалия
– ми қарыншаларында (
ішкі
гидроцефалия; 
294-сурет) 
немесе оның жұмсақ қабықшасының астындағы кеңістікте (
сыртқы
гидроцефалия
) ми сұйықтығы тым көбейеді; ми сауыты бет бөлігіне қарағанда 
тым ұлғайып, бет кішірек көрінеді, маңдай шығыңқы тұрады. Ми сауытының 
сүйектері жұқарып, арасындағы жігі кеңиді, баланың еңбегі томпайып кетеді. 
Үлкен ми сыңарларындағы сұйықтық құбыры (Сильвий құбыры) тарылып, екі 
бөлінеді немесе бітеу болады, IV қарыншаның ортанғы және бүйірлік тесіктері, 
қарыншааралық тесіктер де бітеледі, көбіне мидағы сұйықтық іркіліп, мидың өз 
тіні біртіндеп семеді. 
Циклопия
– сирек кемістік; жалғыз ғана көз шарасында бір немесе екі көз 
алмасы орналасып, мұрын мен мидың иіс сезетін бөлімі кеміс болады. 
Циклопия деп – тума кемістіктің бұл түріне ұшыраған нәрестенің бет әлпеті 
аңыз–ертегілердегі жалғыз көзді жалмауыз – циклопқа ұқсағандықтан аталған. 
Ми
мен 
жұлында
жарық
дамыса, ми немесе жұлынның тіні мен 
қабықшалары ми сауытындағы ақау арқылы, бассүйектерінің арасындағы 
бітелмеген жіктер немесе омыртқа жотасының жабылмаған өзегі арқылы 
сыртқа шығып тұрады. Мидың жарықтары әртүрлі: егер жарықтың 
қалташасында мидың қабықшалары мен сұйықтығы ғана болса, 
менингоцеле
деп, мидың тіні мен қабықшалары жайғасса, - 
менингэнцефалоцеле
деп, ал 
мидың тіні мен қарыншалары қалыптасқан болса, онда - 
энцефалоцистоцеле
деп аталады. Жұлында жарық жиірек байқалады, өйткені омыртқа жотасының 
артқы беті көбіне бітелмей, жырық күйінде (
spina
bifida
) қалады. Жұлынның 


Нуржігіт Алтынбеков 
536
жарықтары да 
менингоцеле

миелоцеле

менингмиелоцеле
деп жіктеледі. Өте 
сирек кездесетін кемістіктің бірі – 
рахиосхиз
; жұлын өзегінің артқы іргесін 
бітейтін қабықшалар мен омыртқа сүйектері, тері мен басқа да жұмсақ тіндер 
омыртқа жотасының өне бойында бітелмей қалады. Ашық қалған жұлын сыртқа 
томпаймай, өзекшенің алдыңғы іргесінде жалпайып жатады. 
Болжамы
. Орталық жүйке жүйесі тума кемістікті нәрестелердің болашағы 
жақсы емес, олардың көбі өмір сүре алмайды. Ми мен жұлын жарықтарының 
кейбіреуін ғана хирургиялық тәсілмен жөндеп, дұрыс нәтижеге жетуге болады. 
Балалардың көбі қосымша инфекциялық аурудан өледі. Ми мен жұлынның 
жарықтары іріңдеп, іріңді менингит пен менингоэнцефалит дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет