Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет665/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   832
Байланысты:
струков патан

Даун ауруы
— ең жиі кездесетін хромосомалық ауру; ол жаңа туылған 
сәбилердің әр 600—700-інің бірінде байқалады. Баланың ақыл-есі мен денесі 
дұрыс жетілмейді. Оның пішіні ерекше болады: көзі қыли, мұрны ойыс, 
таңдайы биік, құлағы кішірек әрі төмендеу біткен, бұлшықеттері әлсіз келеді. 
Олар көбіне қосымша аурудан өледі. Көпшілігінің жүрегі мен негізгі 
артерияларынан (Фалло тетрадасы, т.б.), кейбіреуінің асқорыту және жыныс–
несеп жүйелерінен тума кемістік байқалады. Бұл балалардың миының 


Нуржігіт Алтынбеков 
532
сыңарлары, әсіресе маңдай бөлімдері толық жетілмейді, ондағы нейрондар баяу 
дамып, дұрыс миелинденбейді, қан тамырлары да дұрыс қалыптаспайды. 
Патау синдромы
шала және өлі туған нәрестелердің әр 5149-ының бірінде 
орын алады. Көбіне жалпы гипоплазия байқалып, бассүйегі мен бетсүйегі 
дұрыс қалыптаспайды: сәби шот маңдайлы, қыли әрі кішкене көзді, жалпақ 
танаулы, ойыс мұрынды, гипотелоризмді, бас терісі ақаулы, құлағының 
сиықсыз қалқаны төменірек орналасып, төменгі ерні мен таңдайы жырық 
келеді. Науқастың қолы көпсаусақты болып (полидактилия), ішке бүгіліп 
тұрады, кішірек көздерінің қасаң қабықшасында ақ (колобома) пен бұлыңғыр 
ошақтар болады. Микроцефалия байқалып, мидың иісті сезетін бөлімі 
болмайды (аринэнцефалия), мишықтың құрт тәрізді бөлімі шала қалыптасады 
(гипоплазия) немесе мүлде қалыптаспайды, т.б. да кемістіктер ұшырасады. 
Сондай-ақ, жүректе, асқорыту және зәршығару жүйелерінде, т.б. мүшелерде 
тума кемістіктер болады. Ондай балалар өмір сүрмейді. 
БЛАСТОПАТИЯЛАР 
Бластопатия
— бластоцистаның патологиясы. Бұл патология жұмыртқа 
жасуша ұрықтанған сәттен бастап, бекіп (нидация), бөлшектеніп, эмбрио- және 
трофобласт қалыптасқанға дейінгі, алғашқы 15 күнде дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет