Нуржігіт Алтынбеков 543
16 жастағылардың 2–3%-ында көрініс беретін сиректеу тобы – кемістік;
жатырдың мойны, қынап бітеу (атрезия) немесе қос-қостан қалыптасады;
гермафродитизм (қызтекелік) – екі жынысқа да тән белгілер болады.
Гермафродитизмнің: аналық без де, ен де болатын – шынайы түрі және
жыныстық бездерге жыныстық сыртқы нышандар сәйкес келмейтін – жалған
түрі бар. Жыныстық мүшелердің құрсақта қалыптасқан кемістіктері өмірге
қауіпті емес, біразын хирургиялық тәсілмен емдеуге болады.
Т ЫНЫСАЛУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТУМА КЕМІСТІКТЕРІ Тынысалу жолының тума кемістіктері көбінесе басқа кемістіктермен бірге
дамып, перинаталдық кезеңде өлгендердің 4,2%-ында, ал бір жасқа толмай
өлгендердің 3%-ында байқалады.
Көбіне өкпенің сыңары немесе бір бөлімі мүлде болмайды (
аплазия ) немесе
шала қалыптасады (
гипоплазия ). Әдетте, өкпенің гипоплазиясы көкірек
қуысындағы жалпы дисплазияның салдары.
Кисталы өкпе феталдық кезеңнің бас кезінде немесе соңында дамиды.
Өкпенің сыңарында немесе бір бөлімінде, жалғыз немесе бірнеше қуысты өкпе
поликистозы қалыптасады. Кисталардың даму тегі әртүрлі. Кейде бронхының
кейбір буынының тарамы мүлдем қалыптаспай қалады. Бұл жолмен
қалыптасқан кемістікте бронхының тарамдары тұйық аяқталады, дәнекер
тінмен қоршалып, ол жерлерде газ алмаспайды. Енді бірде, ірі және орташа
көлемді бронхылар өкпе тінімен немесе бронхиолалармен тікелей ұштасып
жатады. Ондай бронхылардағы кисталар перинаталдық кезеңдегі тынысалу
әрекетінің толық қалыптасуы барысында кеңіп,
тума бронхэктаздарға айналады (298-сурет).
298-сурет.Тума бронхоэктаздар (А.В. Цинзерлингтен)
. Тума эмфизема – ерте және соңғы кезеңдік фетопатиялардың бірі;
бронхылардың шеміршегі, эластикалық тіні мен бұлшықеті шала жетіліп
(гипоплазия), көбіне сол жақ өкпенің жоғарғы бөлімі ауа кернеп, қампаяды.
Соның салдарынан көкірек қуысындағы мүшелер қысылып, ығысады. Бұл
кемістік постнаталдық кезеңде ғана білінеді.
Өкпенің тума кемістіктері нәресте өмір сүре алмайтындай ауыр болмаса да,
көбіне инфекция қосарланып, созылмалы бронхит пен пневмония дамып, олар
пневмосклерозға ұласып, кейде кеуде қуысы бітеледі, өкпе мен жүрек
қызметінің жеткіліксіздігіне ұшыратады. Бұл аталған зардаптары көбіне бала
ер жеткенде дамып,