Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет680/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   676   677   678   679   680   681   682   683   ...   832
Байланысты:
струков патан

Бүйректің тума кемістіктері
. Бүйректің агенезиясы – сирек кездесетін тума 
кемістік; бүйректің сыңары немесе екеуі де (арения) болмайды. Жаңа туған 
нәрестенің терісі әжімді, беті ісіңкі, қарт пішінді келеді, құлағының қалқаны 
төмен бекіп, мұрны жалпақ әрі келтелеу, ал маңдай сүйектері шығыңқы болады; 
басқа мүшелерден де тума кемістік байқалады. Бала өмір сүрмейді. 
Бүйректің гипоплазиясы
– бүйректің сыңары немесе екеуі де шала жетіледі; 
мүше кішірейіп, салмағы азаяды. Бүйректің сыңары ғана шала жетілсе, екіншісі 
викарлық мәнде ұлғаяды. 
Бүйректің дисплазиясы
– мүше шала жетіліп, құрамында эмбриондық тіндер 
сақталады. Бүйректі микроскоппен зерттеп, оның тінінен нефробластоманың 
ошақтарын, тұрпайы өзекшелер мен шумақтарды, қуыстарды, шеміршек пен 
бірыңғайсалалы бұлшықет тінінің ұяларын көреміз. Сонымен қатар, 
несепағарда аплазия мен гипоплазия байқалып, оның саңылауында атрезия мен 


Нуржігіт Алтынбеков 
542
стеноз орын алады. Екі бүйрегі де гипоплазиялы немесе дисплазиялы балалар 
өмір сүре алмайды. 
Ірі кисталы бүйрек
(ересектер бүйрегінің поликистозы) – доминантты 
тұқымқуалайтын кемістік. Қыртыстық қабатында қуыстар пайда болып, ішіне 
мөлдір сұйықтық жиналып, екі бүйрек те біраз ұлғаяды. Қуыстардың арасында 
бүйректің қалыпты тіні қалады (297-сурет). Ондай қуыстар бауыр мен ұйқы 
безінен де ұшырасады. Ауру метанефрогендік тіннің бастамасы мен урерталық 
түтік өзара жалғаспай қалғанда дамып, ретенциялық кисталар сол патогенездік 
негізде қалыптасатын сияқты.
297-сурет. Поликистозды бүйрек (макрокистоз). 
Ұсақ кисталы бүйрек

яғни
 
поликистоздың «инфантильдік» типі. Бүйректің 
қыртыстық және милық қабатында бір-біріне тығыз жабысқан ұсақ кисталар 
қалыптасып, екі бүйрек те едәуір ұлғаяды. Бүйректің кесіндісі ірі кеуекті сүлгі 
тәрізді болады. Микроскоппен зерттегенде бүйрек түгелдей ұсақ қуыстардан 
түзіліп, олардың іші текшепішінді эпителиймен астарланғаны байқалады. Бұл 
қуыстар бауырда да қалыптасып, өт өзектері де көбейеді. Бала өмір сүрмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   676   677   678   679   680   681   682   683   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет