Нуржігіт Алтынбеков
548
қалпына келтіру үшін инсулин түзетін құрылымдар компенсациялық мәнде
алдымен ұлғайып, кейін зорығып, β-жасушалар дистрофияға ұшырап, Иценко–
Кушинг синдромы дамиды. Туғаннан кейін ананың диабетінің нәрестеге әсері
бәсеңдеп, ұйқы безінің қызметі мен заталмасулық үдеріс қалпына келуі де
мүмкін. Егер олай болмаса, нәресте ауыр ағымды сырқатқа –
жаңа
туғандардың диабеті
деп аталатын сырқатқа ұшырайды. Бірақ жаңа
туғандардың диабетінің бәрі бірдей ананың диабетімен ғана сабақтас емес,
кейде инсулин түзетін құрылымдарға әсер еткен басқа себептерден де
туындайды. Ал, керісінше,
диабеттік фетопатияның бәрі
де
жүкті ана
диабетпен
немесе
предиабетпен
сырқат болса ғана дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: