Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет689/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   685   686   687   688   689   690   691   692   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Көбіне жүректің сол жақ қарыншасы едәуір 
ұлғайып, жалпы көлемі 2,5–4 есе өседі, эндокард тым қалыңдап, ақшыл сары 
реңді болады. Кейде жүректің басқа бөлімдерінің де ішкі қабаты зақымдалады. 
Бұл кемістікпен сырқаттардың жартысының қос жақтаулы және қолқалық 
қақпақшалары қалыңдап, сиқы бұзылады, 1/3-інде басқа да тума кемістіктер 
байқалып, көбіне қолқаның саңылауы тарылады. Эндокард пен миокард 
дәнекер тін жайлап, жүрек әлсірейді. Науқас нәресте өмірінің алғашқы 
күндерінде жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінен немесе алғашқы 
айларында қосымша аурулардың (пневмония) зардабынан өрши түскен жүрек 
қызметінің жеткіліксіздігінен 
өледі

Диабеттік фетопатия
– предиабетпен немесе диабетпен ауру анадан 
туғандардың ауруы. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Диабеттік фетопатияның басты себебі – 
көмірсулар алмасуының бұзылуы, өйткені диабетпен сырқат ананың қанындағы 
глюкозаның мөлшері үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгеріс, әсіресе ауру ана 
дұрыс емделмесе айқын болады. Шарананың қанындағы глюкозаның мөлшерін 


Нуржігіт Алтынбеков 
548
қалпына келтіру үшін инсулин түзетін құрылымдар компенсациялық мәнде 
алдымен ұлғайып, кейін зорығып, β-жасушалар дистрофияға ұшырап, Иценко–
Кушинг синдромы дамиды. Туғаннан кейін ананың диабетінің нәрестеге әсері 
бәсеңдеп, ұйқы безінің қызметі мен заталмасулық үдеріс қалпына келуі де 
мүмкін. Егер олай болмаса, нәресте ауыр ағымды сырқатқа – 
жаңа 
туғандардың диабеті
деп аталатын сырқатқа ұшырайды. Бірақ жаңа 
туғандардың диабетінің бәрі бірдей ананың диабетімен ғана сабақтас емес, 
кейде инсулин түзетін құрылымдарға әсер еткен басқа себептерден де 
туындайды. Ал, керісінше
диабеттік фетопатияның бәрі
де 
жүкті ана 
диабетпен
немесе 
предиабетпен
сырқат болса ғана дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   685   686   687   688   689   690   691   692   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет