Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет691/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   687   688   689   690   691   692   693   694   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
549

Бала жолдасының патологиясы 
Туу кезеңі дұрыс өтіп, шарана туылғаннан кейін 15–20 минуттан соң жатыр 
қайта жиырылып, бала жолдасын сыртқа айдайды. Бала жолдасының құрамына 
бала орны (плацента), жыртылған шараналық қабық – амнион, тегіс хорион мен 
децидуалық қабықша және кіндіктік бау кіреді. Плацента – шарана мен ана 
организмінің арасындағы заталмасулық үдерісті қамтамасыз ететін негізгі 
мүше. 
Жетілген плацента – массасы 500–600 г, диаметрі 12–20 см, қалыңдығы 2–4 
см, дөңгелек, табақ пішінді құрылым. Плацентаның шараналық және аналық 
бөлімі бар.
Шараналық
бөлім
амнион мен ішінде шараналық қан тамырлары бар 
тармақты хорионнан құрылған. Хорион тармақтары арқылы ананы шаранамен 
жалғастыратын қан тамырлары өтеді. Хорионның шараналық бетінде жұқа 
табақша қалыптасып, одан түктер өседі. Бұл түктер трофобластылық 
жасушалардың қос қабатымен астарланады: Лангханс эпителийімен 
астарланған ішкі қабаты 
цитотрофобласт
деп, ал синцитий түзетін сыртқы 
қабаты 
синцитийлік
трофобласт
деп аталады. Түктің кейбіреуі плацентаның 
аналық бөлімімен тікелей түйісіп, бекиді. Трофобластылық жасушалар өсіп, 
эрозияға ұшыраған децидуалық қабықшаны да қоршап алады, сөйтіп 
плацентаның аналық бөлімі де трофобластылық жасушалармен астарланады. 
Түктердің қалған бөлігі хорион мен базал табақшаның арасындағы кеңістікте 
еркін салбырап тұрады немесе өзара бірігіп кетеді. 
Түктердің бағандық негізі және тармақталған бөлімі болады. Бағандық түк 
тармақталып, плацента бөлікшелерін (котиледон) түзеді. 
Аналық бөлімнің
құрамына децидуалық қабықша мен оны астарлайтын 
трофобластылар қабатынан қалыптасқан базал табақша және түктердің негізгі 
бағанының тармақтарын ажыратып тұратын жолақтар кіреді. Түктердің, 
хорионның, базал табақшалардың және жолақтардың арасындағы бос кеңістік – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   687   688   689   690   691   692   693   694   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет