Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет704/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   700   701   702   703   704   705   706   707   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы

Гипоксиядан
ең алдымен микроциркуляциялық 
арнаның іргесі босаңсып, ішкі мүшелерге қан толады. Оттегінің жеткіліксіздігі 
антенаталдық кезеңде 
күрт
дамып өлген шарананың ішкі мүшелерінен тек қана 
толыққандылық байқалады. Клиникалық деректер жан-жақты пайымдалмаса
жедел асфиксияның құрсақта дамығанын дәл басып, анықтау өте қиын. Өйткені 
мәйітте морфологиялық өзгерістер тым аз болып, терісі былжырап, ішкі 
мүшелері жидеп кетеді. 
Оттегінің жеткіліксіздігі созылмалы
болса, қан 
тамырлары қабырғасының өткізгіштігі артып, эндотелий мен базал мембранасы 
зақымдалады, стаз дамып, су сіңіп ісінеді, қанды ошақтар пайда болады, кейін 
мүшелерді дистрофия мен некроз шарпиды. Қан түрлі себептен кетеді. Қан 
нәрестенің (жаңа туған сәбидің) қанды ұйыту-ұйытпау жүйесі зақымдалып, 
қан 
тамырларда диссеминациялы ұйығандықтан
да (ҚДҰ) кетеді. Бұның 
салдарынан микроциркуляциялық арнада фибринді тромбылар қалыптасып, 
жұмсалу коагулопатиясы
өрістейді. Ол қан тамырлары өткізгіштігінің 
артуымен сабақтасып, қанды дақтар пайда болады. 
Нәрестенің мәйітін зерттегенде, жүрек қуыстарынан қара қошқыл түсті сұйық 
қан, тері мен шырышты қабықшаларынан цианоз, дене қуыстарынан шемен, ми 
мен ішкі мүшелерден толыққандылық, ал висцерал және париетал плеврадан, 
жүректің тәждік қан тамырларының маңындағы эпикардтың астынан, тимустың 
қыртыстық қабатынан қанды дақтар байқалады. Өкпе ет тәрізді тығыз, көгеріңкі 
қызыл болып, кеудені әдеттегідей толық жайлап тұрмайды, ауасыз тіні суға 
батады. Нәрестені тірілтуге және жасанды тәсілмен тыныс алдыруға әрекет 
жасалса, өкпенің кей жерлерінде ауалы аймақтар пайда болады. Ондай өкпенің 
альвеолалары жыртылып, интерстицийлік эмфизема дамиды, интерстицийлік 
тін мен плевраның астынан да ауалы кеуектер ұшырасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   700   701   702   703   704   705   706   707   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет