Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Шарананың антенаталдық асфиксиясына



Pdf көрінісі
бет703/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   699   700   701   702   703   704   705   706   ...   832
Байланысты:
струков патан

Шарананың антенаталдық асфиксиясына
плацентаның жеткіліксіздігі 
тікелей себеп болады. 
Интранаталдық 
асфиксияның 
этиологиясы 
мен 
патогенезі
.
Интранаталдық асфиксия плацента жеткіліксіздігінен және туу әрекетімен 
байланысты кері әсерлі себептерден туындайды. Ол шарананың туу кезеңіндегі 
стрестік әсерге бейімделуін қиындатады. Туу әрекетінен туындайтын кері 
әсерлі себептер мыналар: туу әрекетінің әлсіздігі; шарананың жамбасымен 
тууы; шарананың басының көлеміне ананың жыныстық жолдарының көлемінің 
сәйкес болмауы (ананың жамбас қуысы тар немесе шарана ірі); кіндіктік 
баудың үзілуі немесе ұзын болып, шарананың мойнына оралуы; кіндіктік бау 
бұрын түсіп, шарананың басы мен жамбастың арасында қысылып қалуы, т.б. 
Жаңа туғандар асфиксиясының этиологиясы мен патогенезі
. Жаңа 
туғандарда асфиксиясы көбіне тынысалу әрекеті бұзылғанда дамиды. Тынысалу 
әрекеті құрсақта мына себептерден бұзылады: құрсақтағы ауыр гипоксияның 
зардабынан шарананың тынысалу орталығы зақымдалғанда; туу кезінде немесе 
туғаннан соң ми сауытының ішіне тым көп қан құйылғанда; түрлі себептерден 
ауаның жүруіне кедергі туындап, өкпе жазылмай қалғанда. Көбінесе шарананың 
тынысалу жолдарына қағанақ суы немесе ананың жыныстық жолына бөгде 


Нуржігіт Алтынбеков 
559
денелер еніп, ауа жүруіне кедергі болады. Сөйтіп, интранаталдық кезеңде қанда 
көмір қышқылы көбейіп, шарананың тынысалу орталығы тітіркеніп, оның 
тынысалу әрекеті ананың жыныстық жолында басталады. Шарана жыныстық 
жолда терең тыныс алғандықтан, ондағы заттар мен қағанақтық сұйықтық 
тынысалу жолына өтіп (аспирация), бронхылар мен өкпенің респирациялық 
бөлімдеріне дейін жайылып, газ алмасу үдерісіне кедергі туындайды. Тынысалу 
жолына бөгде денелерді көбіне толық жетілген шарана тартып алады; олардың 
тынысалу орталығы гипоксияға сезімтал келеді. 
Сонымен, туғаннан кейін нәрестенің дұрыс тыныс алмауының бір себебі – 
құрсақтағы асфиксия. Құрсақта асфиксияға ұшырамаған нәрестенің де 
тынысалуы кейде дұрыс болмайды; пневмопатия немесе аспирациялық 
пневмония сияқты өкпедегі үдерістер себеп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   699   700   701   702   703   704   705   706   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет