Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Листериоздық интервиллузит пен виллузит



Pdf көрінісі
бет700/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   696   697   698   699   700   701   702   703   ...   832
Байланысты:
струков патан

304-сурет. Листериоздық интервиллузит пен виллузит 
(И.О. Хариттің препараты)

Токсоплазмоз
дамыған плацентада цисталар, псевдоцисталар және ізбестенген 
некрозды ошақтарда бос жатқан паразиттер болады. 
Малярия
зақымдаған 
плацентаның түкаралық кеңістіктері мен децидуалық қабықшасындағы қан 
тамырларына аурудың қоздырушысы жиналып, тініне маляриялық пигмент 
шоғырланады. 
Плацента жеткіліксіздігі 
Плацента жеткіліксіз
болса, тінінде патологиялық үдерістер дамып, ол 
өзінің тасымалдау, метаболизмдік, эндокриндік, иммундық, гемодинамикалық, 
яғни жалпы бөгендік жұмысын, дұрыс атқармайды, сондықтан да құрсақтағы 
шарана да ауруға шалдығады немесе өлі туады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
556
Этиологиясы
алуан түрлі. Плацентаның жеткіліксіздігі ана организмінің 
гендік ерекшелігінен, экстрагениталдық әсерден, асқынған жүктілік кезінде 
және осы себептердің сабақтас әсерінен дамиды. 
Патогенезі
. Плацентаның жеткіліксіздігі ұрық немесе (және) плацента дұрыс 
бекімегенде, плацентаның өзі немесе оның қан тамырлары дұрыс 
қалыптаспағанда, хорионның түктері дұрыс жетілмегенде байқалады. 
Плацентаның жеткіліксіздігі
жедел және созылмалы болады. Ол 
жедел
ағымды
болса, жатыр-плацентааралық қанайналым мына себептерден 
бұзылады: плацента ерте сыдырылғандықтан, түкаралық кеңістіктер 
қабысқандықтан және плацента жатыр мойнында жатқандықтан. Плацента 
жеткіліксіздігі 
созылмалы
болса, қанайналымы бұзылып қана қоймай, түкті 
хорионда дисэмбриогенез байқалып, оның құрамында қалыпты құрылымдармен 
қатар, компенсациялық-бейімделулік үдерістер орын алады, кіндіктік бау 
орнынан ауытқиды және қабыну үдерісі өрістейді (Федорова М.В. және 
Калашникова Е.П., 1986). 
Плацентаның жеткіліксіздігінен нәрестенің 57,8%-ы өлі туады. 
Плацента жеткіліксіздігі қанайналымының бұзылу аумағына қарай, бірнеше 
дәрежеге бөлінеді. Қан ағысы плацента көлемінің 10%-ында тоқтаса, 
шарананың өміріне қауіп туып, 30%-ында тоқтаса, ол өмір сүрмейді. 
Плацентаның жедел жеткіліксіздігі шарананы өлімге ұшыратады, ал оның 
созылмалы жеткіліксіздігінен нәресте әлжуаз болып немесе шала жетіліп туады. 
Сөйтіп, шала туған немесе жаңа туған нәрестеде асфиксия байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   696   697   698   699   700   701   702   703   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет