Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет729/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   725   726   727   728   729   730   731   732   ...   832
Лимфалаық түйіндердің 
микроқұрылымы
өзгереді. Түйіннің тінін макрофагтар мен атипиялы 
лимфоциттер жайлайды. Кейде көпядролы алып жасушалар ұшырасады. 
Мононуклеарлар лимфалық түйіндердің қабығы мен төңірегіндегі клетчаткаға 
да жайылады (315-сурет). Некрозды ошақтар ұшырасады. 
Бадамша бездер
мен 
талақ
та тап осылай өзгереді. 
315-сурет. Инфекциялық мононуклеоз. 
Лимфалық түйінде цитоплазмасы базофилді ірі мононуклеарлық 
жасушалар түзілген. 


Нуржігіт Алтынбеков 
577
Басқа инфекция қосылса, 
бадамша безді
некроз шарпып, эпителийі 
сыдырылып, ойық жаралар пайда болады, лейкоциттер жайлайды. Осы бездің 
төңірегінде, сілекей бездердің интерстицийінде, жұтқыншақтың сақинасы мен 
қабырғасына да мононуклеарлар жиналады. 
Талақтың
тіні сулы ісінеді, қабығын мононуклеарлар жайлап, кейде жыртып 
жіберіп, құрсақ қуысына қан кетіп, науқас өлімге ұшырайды. 
Сүйек кемігінде
лимфоциттер мен моноциттер көбейіп, шоғырланады. 
Инфекциялық 
мононуклеозға 
тән 
өзгерістер 
бауырда 
өрістейді. 
Лимфоциттер мен плазмациттер, ірі мононуклеарлар қақпалық жолда, бауыр 
бөлікшелерінің ішінде ауқымды инфильтраттар түзеді, бірақ бөлікшелердің 
қалыпты құрылысын бұзбайды (316-сурет). Гепатоциттер шамалап дистрофияға 
ұшырап, кейде холестаз дамиды, некрозды ошақтар сирек байқалады. Бұл 
өзгерістер 
бірен-саран 
жағдайда 
ғана 
бауыр 
циррозына 
ұласады. 
Мононуклеарлар кейде 
өкпені

эндокард
пен 
перикардты

миокардтың

бүйректің, ұйқы безінің интерстицийін,
асқорыту жолының шырышты 
қабықшасын

көлденең жолақты бұлшықеттер
мен 
теріні
де, 
эндокриндік 
бездерді
де жайлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   725   726   727   728   729   730   731   732   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет