Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет744/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өлімнің себептері
. Аурудың жедел кезеңінде науқас адам миы ісініп, 
мишықтың бадамшасы шүйдедегі үлкен тесікке тығындалып, сопақша ми 
қысылғандықтан 
немесе 
аурудың 
басқа 
кезеңдерінің 
біріндегі 
менингэнцефалиттен, іріңді эпендиматиттен, аурудың соңғы кезеңінде үлкен ми 
сыңарлары семіп, гидроцефалия дамығандықтан және 
милық жалпы 
кахексиядан
өледі. Қазір антибиотиктер кең қолданыс тапты, сондықтан 
экссудат толық тарап, науқас ауруынан айығып кетеді. 
Менингококкемия
бүкіл микроциркуляциялық арна мен буындарды, көздің 
тамырлы қабықшасын, бүйрек пен бүйрекүсті бездерін зақымдайды, тері 
бөртеді. Сірі қабықшалар да (әсіресе перикард) зақымдалады. Алғашқы 24–48 
сағаттың ішінде өлгендерде менингит байқалмайды. 
Терідегі бөртпелер
жұлдызша пішінді, қанды дақтардан құрылып, құйымшақ тұсы мен аяқта, қабақ 
пен көздің склерасында пайда болады. Бөртпенің орталығында везикула немесе 
көмескі тартқан, құрғақтау некрозды ошақ түзіледі. Ұсақ буындарды 
іріңді 
артрит
шарпиды. 
Іріңді иридоциклит
пен 
увеит
және 
перикардит
байқалады. 
Бүйрекүсті бездерінде
некрозды және қанды ошақтар пайда болады, кейде 
бұл бездің екеуінде де ауқымды геморрагия дамып, бүйрекүсті бездерінің 


Нуржігіт Алтынбеков 
588
жедел жеткіліксіздігі, яғни 
Уотерхаус-Фридериксен
синдромы дамиды. 
Бүйрек
өзекшелерінің 
нефротелийін 
некроз 
шарпиды 
(
некрозды 
нефроз
). 
Микроциркуляциялық арна зақымдалып, васкулит өрістеп, экстравазаттар 
түзіледі, некрозды ошақтар қалыптасады. Науқас өлгеннен кейінгі 10–18 сағат 
аралығында мүшелерден алынған жұғындыдан (мазок) кейде менингококтар 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   740   741   742   743   744   745   746   747   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет