Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет745/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   741   742   743   744   745   746   747   748   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өлімнің себептері
. Өте жедел менингококкемиямен сырқаттар бактериялық 
шоктан, кейде бүйректің жедел жеткіліксіздігінен (ересектер) өледі. Бүйрекүсті 
безі қанталаса, шоктың әсері ауырлай түседі. Ауру ұзаққа созылса, өлімге 
септикопиемия немесе іріңді менингит себеп болады. 
ІШЕКТІК КОЛИ-ИНФЕКЦИЯ 
Ішектік коли-инфекция
(синонимдері: коли-энтерит, коли-энтероколит) – 
негізінен аш ішек қабынатын жедел ағымды инфекциялық ауру; әдетте 
емшектегі және балғын шақтағы балалар ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Ішек таяқшасы адамның тоқ ішегіндегі 
қалыпты микрофлораның негізін құрайды. Дегенмен, макроорганизмнің күйі 
ерекше өзгерсе, ол басқа мүшелерге (зәршығару және өт жолдарына, іш 
қуысына, т.б.) жайылып, тіпті ересек адамды да сырқаттандырады. Коли-
инфекцияны 
ішек таяқшасының патогенді штамдары
қоздырады; олардың 
соматикалық (О), беткейлік (К тобындағы А мен В) және талшықтық (В) 
антигендерінде бейпатогенді ішек таяқшасының антигендерінен айырмашылық 
бар. Бұл аурумен көбінесе жаңа туғандар мен қолдан асырағандықтан, 
гипотрофия және мешел ауруларына ұшыраған балалар ауырады. Ішек 
таяқшасы науқастан немесе ересек бациллатасымалдаушыдан ас арқылы және 
тікелей тұрмыстық қарым-қатынаста жұғады. Кейде аутоинфекция да 
байқалады. Ішек таяқшасының экзо- және эндотоксиндерінің әсерінен аш 
ішектің шырышты қабықшасы қабынып, бүкіл организм уланады. Емшектегі 
сәбилер жиі құсып, іші өте беретіндіктен, эксикоз (сусыздану) дамып, уытты 
әсерді ушықтыра түседі. 
Патологиялық анатомиясы
. Ішек қампиып, жабысқақ келеді, сірі 
қабықшаның үстін басып кеткен жіңішке жіпшелер қолға жабысып, созылып 
тұрады. Ішінде өте сұйық, кейде қан араласқан нәжіс болады. Ішектің 
шырышты қабықшасы 
су сіңіп ісінсе
, енді 
бірде катарлы-геморрагиялы 
энтерит 
жайлап, қызарады; қоңыр түсті қанды дақтар болады. Ауру ұзаққа 
созылса, 
ойық жаралы энтерит
немесе 
энтероколит
байқалады. Дөңгелек 
пішінді ойық жаралар, әдетте ішектің шажырқай бекіген тұсын қуалай 
жайғасады, өйткені бұл жерлер қанмен нашар қамтамасыз етілген (322-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   741   742   743   744   745   746   747   748   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет