Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет747/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   743   744   745   746   747   748   749   750   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Стафилококтік энтероколиттің шектелген 
немесе жайылма нысандары бар. Қабыну үдерісі ұйымалы-десквамациялы, 
фибринді-іріңді және іріңді-некрозды болады. Іріңдіктер ішектің сірі 
қабықшасымен ғана шектеледі (
стафилококтік ойық жаралы энтероколит
). 
Микроскоппен зерттегенде
ойық жараның жиегі мен түбін лейкоциттер 
жайлағаны байқалып, ондағы өлекседе стафилококтар көп болады. 
Бауыр
мен 
бүйректі
майлы дистрофия шарпып, лимфоидтық мүшелер 
миелоидты метаплазияға ұшырайды, айыршық безде акциденталдық инволюция 
орын алып, басқа мүшелердің микроциркуляциялық арнасында қанайналымы 
бұзылады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
590
Асқыну зардаптары
. Стафилококтік энтероколит ойық жаралы болса, көбіне 
ішек тесіліп

іріңді-нәжісті перитонит
пен 
стафилококтік сепсис
дамиды. 
Өлімнің себептері
. Науқас ауруы асқынғандықтан немесе токсикоздан өледі. 
Кең 
спектрлі 
антибиотиктер 
қолданылатындықтан, 
стафилококтік 
энтероколиттен өлім-жітім соңғы жылдары азайды. Бірақ қазір грам-теріс 
флоралық энтероколиттер жиірек кездесетін болды; антибиотикке төзімді 
штамдар көбінесе ауруханада жұғады. 
КІНДІКТІК СЕПСИС 
Кіндіктік сепсис – балалар сепсисінің ең жиі нысаны; инфекция организмге, 
әдетте кіндіктік баудың қан тамырлары немесе оның қалдығындағы жара 
арқылы кіреді. Сепсис кіндіктің қан тамырларындағы 
флебит
пен 
артерииттен
, кейде 
омфалиттен
(қабынған кіндік шұңқырынан) өрістейді 
(сепсистік ошақ). 
Этиологиясы мен патогенезі
. Антибиотиктер мен сульфаниламидтер 
қолданылғанға дейін сепсисті көбінесе стрептококк қоздыратын. Қазір оның 
орнын стафилококтар мен антибиотикке төзімді грам-теріс флора, тіпті ашытқы 
тәрізді және зең саңырауқұлақтар басуда. 
Аурудың патогенезі кіндіктік бауды дұрыс кесіп, байламағанда, 
перзентханада сәбидің кіндіктік бауының қалдығындағы жараны дұрыс 
күтпегенде немесе дәрі ерітінділерін кіндіктік венаға лас бөлмеде құйғанда 
жұққан бактериялық флорамен тығыз байланысты. Кіндіктік сепсистің даму 
мерзімі де өзгерді. Бұрын инфекция сәбилер бөлмесінде жұғып, сепсиспен ауру 
сәби өмірінің 3-ші аптасында өлетін-ді; қазір ондай сәби бір апта да өмір 
сүрмейді, өйткені инфекция көбінесе нәресте туылатын бөлмеде жұғып 
үлгереді; ал онда инъекция жасалып, катетер қойылатыны белгілі. 
Шала туғандар мен жаңа туғандардың, 3 айдан аспаған емшектегі сәбилердің 
спецификалық және бейспецификалық иммунитеті, яғни фагоцитоздық жүйесі әлсіз, ал 
кіндіктік бөгенінің (эпителийі мен эндотелийінің) өткізгіштігі жоғары болады. IgG мен 
IgA түзілмейді (сәбидің қанында негізінен плацента арқылы анасынан дарыған IgG мен 
IgA бар; олардың мөлшері біртіндеп азая береді). Сондықтан кіндіктік сепсис пен 
сепсистің басқа да нысандары шала туғандар мен жаңа туғандарда, 3 айға толмаған 
емшектегі сәбилерде жиірек байқалады. 
Инфекция организмге гематогендік жолмен жайылады, егер кіндік аймағында 
флегмона дамыса, үдеріс кейде құрсақ қабырғасының ішкі бетіне өрістейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   743   744   745   746   747   748   749   750   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет