Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет773/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   769   770   771   772   773   774   775   776   ...   832
Байланысты:
струков патан

Т
АЛЬКОЗ
 
Талькоз
— тальк шаңынан дамитын пневмокониоз; ағымы созылмалы. 
Тальк — құрамында 29,8-63,5% кремний қос тотығы бар магнезийлік силикат
(3MgOх4SiO
2
хH
2
O); суда ерімейді.Тальк резеңке, керамика, кағаз, мата, парфюмерия, 
лак пен бояу өндірісінде қолданылады

Патологиялық анатомиясы
. Талькоздан өлгеңдердің кеуде қуысында 
плевралық 
ауқымды
бірікпелер
болады. Өкпенің аралық тінін, бронхылар мен 
қан тамырларының айналасын склероз жайлап, альвеолааралық перделер 
қалыңдайды, ол жерлерге талькті макрофагтар мен бос жайғасқан тальк тозаңы 
жиналады. Дәнекер тін өсіп, жуан жолақтар түзіліп, арасынан тар саңылаулы 
альвеолалар әзер көрінеді. Тарыдай немесе одан ауқымдылау аймақтарды 
склероз қамтығанмен, силикоздық түйіншектерге ұқсас құрылымдар 
байқалмайды. Кейде дәнекер тіннің арасында 
тальктік денешіктер
деп 
аталатын құрылымдар пайда болады (343-сурет). Талькозбен сырқаттардың 
өкпесінде, әдетте эмфизема дамып, бронхэктаздар қалыптасады. 
Бифуркациялық және өкпенің түбіріндегі 
лимфалық түйіндерге
де тальк 
шаңы жиналып, склероз өрістейді. Талькозға туберкулез жиі қосарланады; 
тальк-туберкулез
деп аталады. 
Талькті резеңке бессаусақты қолғапқа сеуіп, құрсақ қуысына операция жасағанда 
кейде ол жараға түсіп, қабыну үдерісін туындатып, бірікпелер мен түйіншектердің 
(гранулемалар) қалыптасуына себеп болады. Бұны 
хирургиялық
талькоз
деп атайды. 
Гранулемалар туберкулез гранулемасына ұқсағанмен, ондағы алып жасушалар «бөгде 
денелік» болады. Гранулемадағы жасушалардың арасынан және алып жасушалардың 
цитоплазмасынан тальктің ине тәрізді кристалдары мен тімсемдері (пластинкалары) 
көрінеді, бұл да тальк гранулемасының туберкулезден айырмашылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   769   770   771   772   773   774   775   776   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет