Нуржігіт Алтынбеков
624
затқа айналып, жұмсарады. Кариестің бұл кезеңінде эмальдың өткізгіштігі
артады.
Б
орлы дақ
кейде сарғыш, тіпті қара қоңыр түсті
пигментті даққа айналады;
бұның себебі әлі толық пайымдалмаған. Кейбір ғалымдар пигментті дақтың
пайда болуы кіреукеге өтіп, ыдыраған органикалық заттармен және даққа
жиналған тирозиннен түзілген меланинмен байланысты деп есептейді.
Бұл кезеңде эмальдың басқа қабаттарымен
дентин-эмальдық жалғам
зақымдалмайды. Үдеріс бәсеңдесе, зақымдалған жерлер қайта минералданып,
яғни реминералданып, эмальдағы дақ айқын шектеледі. Кариес пигментті дақ
кезеңінде өршісе, кіреукеде минерал азая түседі.
Беткейлік кариес
кезеңінде кіреуке минералынан айрылып, дентин-эмальдық
жалғамға дейін зақымдалады. Кіреукенің призмаларында
кальций тұздары
азайып, призмалық негізгі зат ыдырайды. Кальций тұздары барлық жерде
біркелкі жойылмайды, сондықтан призмалардың сұлбасы айшықтанып,
көлденең жолақтары айқындала түседі. Ақырында призмалар ретсіз жайғасып,
біртіндеп толық бұзылады. Ол
жерлерге микробтар жиналып, жұмсарған
призмааралық затпен зақымдалмаған призмалардың арасындағы саңылаулар
арқылы өтіп, сау призмаларды да бұзады. Кариес тез өршісе, үдеріс дентинге
ауысады, ал
баяу дамыса, кіреукенің жұмсарған жерлері реминералданып
қатаяды.
Орташа кариес
– кариестің өршіген кезі; дентин-эмальдық жалғам
зақымдалып, үдеріс дентинді де қамтиды.
Дентиндік өзекшелер көбейіп,
микробқа толады. Микробтардың уынан дистрофия мен некроз шарпыған
одонтобластылар бөлшектенеді. Өзекшелердің ішкі қабықшасы да жойылады.
Ақырында терең қабаттағы дентиндік өзекшелерге жеткен микробтардың
уытты әсерінен құрамындағы минералдар азайып, дентин де жұмсарады
(348-
сурет
)
.
Достарыңызбен бөлісу: