Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет791/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   787   788   789   790   791   792   793   794   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
623
қарайтын химиялық және микробтық теориялар көп уақыт басым болды, олар 
әлі де өз маңызын жоя қойған жоқ. Осы теориялар бойынша, бактериялар 
ашытқанда ауыз қуысында түзілетін көмірсулы қышқылдар (әсіресе, сүт 
қышқылы) кіреукенің кутикуласын ерітіп, зақымдап, микробтар дентиннің 
өзекшелеріне өтетін жол ашады. Бактериялар дентиндегі тұздарды сіңіріп, 
жұмсартып, тістің қатты тіндерін бүлдіреді. 
Тістің фиссуралары мен түйісетін бетіндегі ойыстар, мойны мен қызылиектің 
арасында
тістік
тұнбалар
деп аталатын құрылымдар түзіліп, оның құрамына 
ауыздағы бүкіл микробтар араласады. Бұл тұнба белгілі ретпен түзіледі: 
алдымен бактериялар пелликулаға (сілекей тұнған амин қышқылдары мен қант, 
т.б. заттарға) бекіп, матрикс қалап, кейін көбейіп, түрлі өнімдер бөліп 
шығарады. Ақырында тістің тұнбасы мен 
тістік
түйнектер
(зубная бляшка) 
қалыптасып, кариестің басталуына негіз болады. 
Қызылиектің үсті мен астында түзілетін 
тістік
тастардың
негізі де осы 
тістік тұнбадан қаланады («
Қызылиек пен пародонттың ауруларын
» қара). 
Кариес шалған тістің үстіңгі қабатындағы микробтар (стрептококк, 
стафилококк, энтерококк, т.б.) қауымдастығының гиалуронидазасы өте әсерлі. 
Осы фермент пен сілекейдің рН-ның және тіс жегісінің даму қарқынының 
арасында сабақтастық бар екені байқалған. 
Сілекей мен паротин (сілекей безінің гормоны) азайса, кариес тез дамиды, 
паротин тым көп болса, тісте белок пен минералдар алмасуы қалпына келіп, 
кариестің даму қарқыны бәсеңдейді. 
Кариестің дамуына жергілікті химиялық және микробтық факторлар мен қатар, 
организмнің жалпы күйі, тұқымқуалайтын бейімділік, сүт тістер шығып, ауысатын 
және жыныстық тұрғыдан жетілетін кезеңдер де әсер етеді.Тап осы кезеңдерде кариес 
өте жиі байқалады. Организмде минералдар, белоктар мен көмірсулар алмасуы 
бұзылып, тісте кальций, фосфор тұздарының арақатынасы өзгерсе, витамин мен 
микроэлементтер, әсіресе фтор және гормондар жеткіліксіз болса да, кариес тез дамиды. 
Аталған заттардың тапшылығынан тістің қатты тіндерін (эмаль, дентин, цемент) 
қоректендіретін негізгі құрылымдар – пульпадағы одонтобластылар мен жүйкелердің 
және қан тамырларының қызметі бұзылады. Кариес дамытатын себеп ретінде 
географиялық факторлардың, тұрмыстық жағдайлардың, тағамның және сыртқы 
ортадағы басқа факторлардың да организмге әсерін ескерген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   787   788   789   790   791   792   793   794   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет