ағымының сипатына қарай,
жедел және созылмалы, ал
қабыну үдерісінің сипатына байланысты ұйымалы,
іріңді және фиброзды нысандарға бөлінеді.
Жедел периоститтің морфологиясы ұйымалы және іріңді, ал
созылмалы – фиброзды болады.
Ұйымалы периостит (бұрын жай периостит деп дұрыс атылмайтын), әдетте
жақсүйегі жарақаттанғанда дамиды. Сүйектің қабығы сулы ісініп, қанталайды,
шамалы нейтрофилдер шоғырланады. Көбінесе іріңді периоститке ұласады.
Іріңді периостит , әдетте іріңді периодонтиттен туындайды. Ірің жақсүйегінің
қабығына остеондық (Гаверс) және кенеулік (Фолькман) өзекшелері арқылы
өтеді, кейде тіс ұясынан веналық тамырлар арқылы да жайылады. Іріңді ошақ
көбіне жақсүйегінің альвеолалық өскінінің бір-ақ жағында, – сыртқы
(вестибулалық) немесе ішкі (тіл, таңдай) жағында жайғасады. Кейде
жақсүйегінің тығыз тіні іріңнің жайылуына бөгет болады, сондықтан сүйектің
қабығы сыдырылып, ірің оның астына жиналып, сүйек
қабығының астында іріңдік (абсцесс) қалыптасады. Бұл іріңдіктің әсерінен төңірегіндегі жұмсақ тін
су сіңіп ісінеді. Жақсүйегінің қыртыстық қабатының Гаверс өзекшелері мен
кемігі лакунарлы ыдырайды. Іріңді периоститтен сүйектің қабығы және онымен
тұстас жұмсақ тіндер де жидіп,
жыланкөз қалыптасуы мүмкін; сөйтіп, іріңді
ошақ көбінесе ауыз қуысымен жалғасып, кейде бет терісі арқылы сыртқа
шығады.
Созылмалы фиброзды периостит кезінде жаңа сүйек түзіледі, сондықтан ол
пролиферациялы ,
гиперплазиялы деп те аталады; сүйектің қыртыстық қабаты
қалыңдайды (
оссификациялы периостит ). Созылмалы периостит шарпыған жер
қалыңдап, бұдырлау келеді.
Остеомелит – жақсүйектері кемігінің қабынуы. Көбінесе өршімелі іріңді
перицементиттен туындап, астыңғы жақсүйегіндегі үлкен азу тістердің тұсында
дамиды. Остеомелит