Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет811/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   807   808   809   810   811   812   813   814   ...   832
Байланысты:
струков патан

жедел
және 
созылмалы
ағымды. Әдетте, іріңді 
периодонтитпен 
сырқаттанып, 
организмі 
бактериялық 
(стрептококк, 
стафилококк, 
жасыл 
іріңді 
таяқша, 
коли-таяқша) 
антигенмен 
сенсибилизацияланғандарда байқалады. Алдымен альвеолалық өскіннің кемікті 
кеңістігі іріңдейді, кейін үдеріс жақсүйегінің денесіне жайылады. Ол жерлерде 
сүйек табақшалары лакуналы немесе тегіс сипатта ыдырап, жұқарады. 
Микроциркуляциялық арнаның тамырларында тромбылар түзіліп, саңылауы 
бітеліп, сүйектің кей жерлері өлексеге айналып, бөлініп, 
сүйектік секвестр
қалыптасады. Секвестр іріңмен қоршалып, 
секвестрлік қуыста
жайғасады. 
Үдеріс ұзаққа созылса, бұзылмаған сүйек тіні жайлап, 
пиогендік мембрана
түзіледі. Бұл мембрана қуыстың ішіне лейкоциттер бөліп тұрады. 
Грануляциялық тіннің сыртқы қабатында талшықты дәнекер тін өсіп, қабыққа 
айналып, секвестрлік қуысты сүйектен шектейді. Кейде іріңнің әсерінен 
секвестрлік қабық пен сүйек және оның қабығы да жидіп, жыланкөз 


Нуржігіт Алтынбеков 
637
қалыптасып, секвестрлік қуыс көбіне ауыз қуысымен жалғасады, енді бірде, ол 
бет терісі арқылы сыртқа ашылады. Секвестр сыртқа шығарылып, ірің 
жойылғаннан соң, 
жаңа сүйек табақшалары түзіліп
, ақаулы жер бітелуі 
мүмкін. 
Одонтогендік инфекция
дегеніміз іріңді қабынуға негізделген ауруларды 
қамтитын ұғым; ол пульпиттен немесе тістің түбірін қоршаған тіндердегі іріңді 
қабыну үдерістерінен туындайды. Одонтогендік инфекциялар тобына остит пен 
периостит те, остеомиелит те және жақ-бет аймағы мен ауыз қуысының 
түбіндегі жұмсақ тіндерде, тіл мен мойында дамыған лимфаденит те абсцесс 
пен флегмона да жатады. 
Жақсүйегінде дамитын қабыну үдерістерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   807   808   809   810   811   812   813   814   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет