Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет808/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   804   805   806   807   808   809   810   811   ...   832
Пародонттық ісіктер
. Көбіне бұл ісіктер жұмсақ тіндерден өніп, әдетте 
қатерсіз болады («
Ісіктерді
» қара). Қызылиекте дамитын ісіктердің 
ерекшеліктері бар – жиі жарақаттанып, ойық жара қалыптасып, қабынады. 
Пародонттың ісіктәрізді аурулары
. Бұл аурулардың ең жиісі – эпулис; 
қызылиекте кейде фиброматоз да байқалады. 
Эпулис
(қызылиектік өскін) – жиынтық ұғым, ол түрлі жарақаттың (дұрыс 
бекімеген жасанды тіс сауыты, пломбы, түбірі бүлінген тіс) ұзақ мерзімді 
әсерінен қызылиектің тіндері өскенде қалыптасатын әртүрлі құрылымдарды 
қамтиды. Ісіктәрізді құрылым көбіне күрек тістер мен ит тістердің, кейде 
премолярлардың тұсындағы қызылиектің сыртқы бетінде өседі. Оның кескіні 
саңырауқұлақ тәрізді немесе жұмыр болады, диаметрі 0,5-2 см, кейде одан 


Нуржігіт Алтынбеков 
635
ірірек. Эпулис тіс ұясының үстіндегі тінмен жіңішке сабақ немесе жуан табан 
арқылы жалғасады. Әдетте, жас шамасы 20–30-дағыларда дамып, әйелдерде жиі 
байқалады. Жүкті әйелдердің кейбіреуінде жылдамдау өседі. Эпулистің түсі 
қызғылт немесе қоңыр болады. 
Гистологиялық құрылысы
тұрғысынан, эпулис ангиомалы, фибромалы және 
алып жасушалы (шеткі реперациялық гранулема) түрлерге жіктеледі. 
Ангиомалы эпулистің
құрылысы капиллярлы гемангиомаға ұқсайды (356-
сурет), 
фиброзды
эпулис
қатты фиброма тәрізді. 
Алып жасушалы эпулис (шеткі 
реперациялық гранулема)
құрамында синусоид тәрізді қабырғасы жұқа қан 
тамырлары көп дәнекер тіннен, остеокласт тектес алып жасушалардан және 
остеобласт тектес ұсақ жасушалардан құрылады. Қанды ошақтар мен 
гемосидерин түйіршіктері көп, сондықтан оның макробейнесі қоңыр түсті. 
Құрамынан остеоидтық тін мен қарапайым сүйек табақшалары да ұшырасуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   804   805   806   807   808   809   810   811   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет