Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары



Pdf көрінісі
бет62/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84
Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары. 
Берілген бӛлімде бӛтендігі бар агенттің антигендік ерекшілігіне тәуелсіз 
организмнің қорғаныс факторлары туралы жазылған. 
Тері және кілегейлі қабықшаның механикалық тосқауыл функциясы, 
қанның 
әртүрлі 
бактерицидті 
заттары, 
қалыпты 
микрофлораның 
колонизациялық резистенттілігі, фагоциттер және комплемент жүйесі 
организмде қоздырғыштың болу болмауына тәуелсіз болады және ӛзара 
байланысып организмді инфекциядан сақтайтын спецификалық қорғаныс 
қызметін атқарады. Бұл қорғаныш күштер организмге әртүрлі жолдар арқылы 
енген заттарды және инфекция қоздырғыштарын генетикалық бӛтендігі бар 
материал ретінде танымайды. Бірақ кӛп жағдайда жүре пайда болатын 


82 
иммунитетпен салыстырғанда нәтижелі әсер етіп, элиминацияны қамтамасыз 
етеді. Сонымен қатар, инфекционды процесс генезіндегі спецификалық 
резистенттілік факторлары және инфекцияға қарсы қорғаныстың иммунды 
механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты. 
Тері_жабыны - инфекцияның ену жолдарының сирек түрі болып 
саналады. Мүйізді қабатының айтарлықтай тығыздығы, эпидермальді қабаттың 
әркезде жиырылуы, рН мәнін тӛмендететін сүт, май қышқылдарын тері және 
май бездері кӛп болуы, терінің қалыпты мик-рофлорасы антогонистік қасиеті 
арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының адгезиямен колонизациясына 
қолайсыз жағдай тудырады. Дегенмен оба таяқшасы, лептоспира, түйнеме 
бацилласы сияқты микроорганизмдер тері жабынына тез енеді. Қоздырғыштар 
организмнің бүтіндігі бүзылғанда, бактерицидті белсінділік тӛмендегенде 
организмге енеді. Инфекциялық бастаманың ену жолдарының негізгілеріне - 
асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабықшасы, жоғарғы тыныс aлy 
жолдарының және сыртқы несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықшасы 
жатады. Статистика барлық инфекциялық патологияның арасында ішек және 
респираторлы инфекцияның доминантты ролін анық кӛрсетеді. 
Шірінді қабықшаның беткейіндегі микробүрлерлердің аймағында 
организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға, сырттан түскен бӛтендігі 
бар заттарды, соның ішінде инфекция қоздырғышынан ескертуге бағытталған 
кӛрінбейтін бақылау болады. Шекаралы сызықтағы қаупсіздікті бақылайтын 
бұл қандай күш десек, ӛз кезінде Безредко оны жергілікті иммунитеті деп 
атаған. Оларды қайта атап ӛтейік: секреторлы иммуноглобулин А, фагоцит, 
комплемент, лизоцим, интерферон, трансферрин, бета-лизин, ӛзге 
микробоцидті секреттер. Сонымен қатар эпителий десквамациясы, ішек 
перистальтикасы, жаңаратын муцин қабаты; микроорганизмдерді жоятын 
кілегей сияқты механикалық факторлардың маңызы зор. 
Жыбыр эпителийдің кілегеймен жабылған кірпікшелері жұтылған ауаның 
құрамында болатын микробтардың ӛзіне адсорбциялайды және тазалауды 
қамтамасыз етеді. Тыныс алу жолдарының тӛменгі бӛлігінде және 
альвеолаларда кілегей жоқ, бірақ эпителийдің беткейі беткей-активті зат - 
сурфактанттың қабатымен жабылған. Ол микроорганизмдердің ӛсуіне және 
кӛбеюіне кедергі жасайды. Коньюктиваға түскен бактериялар жас 
сұйықтығымен шайылады. 
Қалыпты микрофлора. Организмнің инфекциядан қорғануында ерекше 
орынды ашық қуыстардың кілегейлі жабынын мекендейтін қалыпты 
микрофлора алады. Негізінен олар ішекте, сыртқы жыныс мүшелерінде, 
жоғарғы тыныс алу жолдарында микробиоценоз түзеді. Қалыпты 
микрофлоранын тұрақты немесе облигатты түрлері биотопта кӛп жағдайда 
анаэробтармен берілген (бактероид, фузобактерия, бифидобактерия, 
лактобацилла және т.б.). Олар адгезияға және кілегейдің патогенді және шартты 
патогенді микроорганизмдермен колонизациясына кедергі жасайды. Облигатты 
микроорганизмдердің мұндай қасиеті колонизациялық резистенттілік деп 
аталады және рН ортасын 5-6 дейін тӛмендететін, бактериоцин, лизоцим, 
органикалық қышқылдардың шығарылуымен, қоректік субстраттарға 


83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет