86
а) микробтар мен басқа жасушаларды еріту (цитотоксикалық әсері);
б) хемотоксикалық қасиет;
в) фагоцитозды қолдау.
Яғни, комплемент организмді микробтан басқа да жасушалар және
антигендерден арылуға (мысалы ісік не трансплантант жасушалары)
бағытталган иммунды литикалық реакциялардың бір түрі.
Комплементтің белсендірілуі.
Комплементтің белсендірілуі ӛте күрделі процесс. Ол
протеолитикалық
ферменттер арқылы жүретін кӛп сатылы реакциялардан тұрып, соңында
бактерия, не басқа жасушалардың кабырғасы
жойдырылуына белсенді
цитолитикалық кешеннің пайда болуымен аяқталады.
Қазіргі уақытта комплемент белсендірілуінің үш жолы белгілі:
классикалык, альтернативті және лектинді (3-сызбанүсқа).
Классикалық жол.
Комплемент антиген + антидене кешенінің әсерінін белсендіріледі.
Антиген+ антидене кешені пайда болу үшін IgM-нің бір, не болмаса IgG-ның
екі молекуласы жеткілікті. Процесс антиген+антидене комплексіне
комплементтің С1 бӛлігінің қосылуынан басталады одан әрі СІ түп бӛлігіне
ыдырайды. Процесс комплементтің басқа бӛліктері қатынасуымен жалғаса
береді. Реакцияның соңғы нәтижесі бӛгде
заттың бейтараптанып адам
денесінен тысқа шығарылуы.
Алътернативті жол.
Бұл жол антидененің қатынасуынсыз ӛтеді. Тәсіл адам денесін грам
теріс микробтардан қорғауға бағытталған. Сатылы реакция антигеннің В, Д
ақуызы мен пропердин (Р) қосылуымен басталып С3
бӛліктің
белсендірілумен жалғасады. Одан әрі процесс
классикалык жолға сәйкес
механизіммен аяқталады.
Лектинді жол.
Бұл жолдың да механизімі антиденесіз ӛтеді. Оның басталуына манноза
байланыстырушы ақуыз себепкер. Ол зат микроб кабырғасындағы
маннозамен байланысқаннан кейін комплементтің С4 бӛлігін белсендіреді.
Ары қарай сатылы реакция классикалык жолдың механизіміне ұқсас жүреді.
Комплементті белсендіру жолында реакцияның қорытындысы ретінде
биологиялық ӛте белсенді суббірліктер пайда болады: С3а, С3в, С5а, С5.
Мысалы С3а, С5а анафилактикалық реакицялардың басталуына қатынасады.
С3б- опсонизацияны күшейтеді. Күрделі сатылы
комплемент белсендіру
реакциялары Са2+ жэне Mg2+ иондарының кӛмегімен ӛтеді.
Лизоцим
Лизоцимді 1909 жылы П.Л. Лащенко ашқан, ал 1922 жылы А.Флеминг
таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның табиғи тӛзімділігінде ерекше
зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті
(лат.тілінен-murus - кабырга) молекулалык салмагы 14-16 КДа. Макрофагтар,
нейтрофильдер және де басқа фагоциттермен синтезделіп ағза үлпасының
сүйықтығына үнемі дарып отырады. Лизоцимді каннан, лимфадан, кӛз
жасынан, омырау сүтінен,
ұрық сұйықтығынан, жыныс-зәр және ас қорыту