Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет63/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
бәсекелестігімен сипатталады. Одан басқа облитты 
микрофлора 
транзиторлы микроорганизмдердің 
адгезиясын тоқтататын кілегейдің 
беткейінде тығыз биопленка түзеді. 
Дизодим немесе мурамидаза - микробқа қарсы қорғаныстың 
филогенезіндегі ежелгі факторлардың бірі болып саналады. Ең алғаш рет А 
Флеминг ашқан Бұл фермент, термостабильді белок қан сарысуында, 
сілекейде, кӛз жасы сұйықтығында, ликворда, ана сүтінде кездеседі. Оларды 
макрофагтар, 
моноциттер, 
гранулоциттер 
шығарады. 
Лизо-цимнін 
бактерицидтік әсері прокариот клеткаларының клетка қабықшасының 
қүрамына кіретін мурамин қышқылын, пептидогликанды ыдыратуында 
байқалады. Әсіресе грам оң микроорганизмдер сезімтал болып келеді. 
Фибронектин - макрофагтар 
синтездейтін плазма және тін 
сүйықтығының белогы. Микроорганизмдердің фагоцит мембранасымен 
байланысуын қамтамасыз етеді.Сепсис кезінде плазмадағы фибронектин 
концентрациясы жылдам тӛмендейді. 
Лактофеприн - нейтрофилдер бӛлетін белок, микроорганизм тіршілігін 
тежейтін гидроксилді радикалдардың түзілуін күшейтеді. 
Бета-лизиндерді тромбоцит бӛліп шығарады. Ол бактерицидті нәтиже 
кӛрсетеді; 
Трансферрин - қажетті метаболит үшін микроорганизмдермен 
бәсекелеседі, онсыз қоздырғыштар кӛбейе алмайды. 
Пропердин - қан сары суының белогы. Ол комплемент жүйесі арқылы 
бӛтен антигенді бүзады. 
Фагоцитоз 
(грек, phagos - обимын,жүтамын. cytos - жасуша), 
организмді бӛгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты 
фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда 
болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып 
зерттеген.Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын 
жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бӛгде затты обып, корытып 
және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды 
атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған. 
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі 
мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін 
макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және 
Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары 
(жүлдызша 
ретикулоэндотелиоциттер), 
эпителиодты 
жасушалар, 
нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді. 
Фагоциттердің негізгі функциясы. 
Фагоциттердің функциясы ӛте 
аумақты: 
1)
ӛлген жасушалар мен олардың құрылыс кұрамын ағзадан шығарады 
(эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары); 
2)
ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды 
тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген кӛмірдің бӛлшектері, 
минералдық және басқадай шаң); 
3)
микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың 


84 
қалдықтарын жояды және заласыздандырады; 
4)
организмніңнің тӛзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді 
заттарды бӛліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, 
интерферон, интерлейкиндер т.б.); 
5)
иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады; 
6)
Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды 
компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады. 
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі 
бӛгде 
заттардан 
тазартып 
«сыпырындыны 
жинаушы» 
болса 
(бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке 
антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және 
олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады. 
Фагоцитоздың өту сатылары. 
Фагоцитоз процесі, ягни бӛгде затты 
жұтуы, ӛндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа 
жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына 
жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша 
ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы 
(вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып 
фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің 
кӛмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы (2-сызбанұсқа) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет