88
вирустар қоздыратын бірталай аурулардың (мысалы тымау) алдын алу үшін,
не болмаса вирустық созылмалы ауруларды (гепатит В,С, Д, ұшық т.б.)
емдеуге қолданады. Интерферонның спецификалық қасиетінің бірі, адам
ағзасынан алынған интерферон жануарларга әсерсіз. Иинтерферонды алу
үшін екі жақты тәсіл қолданылынады:
а) Адамға, не адам лейкоциттеріне қауіпсіз вирус түрін жүқтырып,
оларды интерферон түзуіне мәжбүр қылады, содан кейін интерферонды
ӛндеп, қажетті препараттарды дайындайды;
б) Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің (пгевдомонада -
немесе ішек таяқшасы) ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады.
Ӛзгерген микроб арнайы ортада ӛсіп интерферон түзеді. Интерферонның бұл
түрі рекомбинантты деп аталады. Оның Ресейде алынған түрінің ресми аты
"Реаферон". Реаферон медицина тәжірибесінде қең қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: