Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

(
грекше 
heteros- 
басқа
)-
кӛміртегіні органикалық 
қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін кӛміртегі кӛздері 
гексозалар, кӛпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады. 
Энергия көзі 
ретінде күннің жарығын пайдаланатын организмдерді 
фототрофтар деп атайды. Ал тотығу-тотықсыздану реакцияларының 
нәтижесінде пайда болған энергияны пайдаланатын организмдерді 
хемотрофтар деп атайды. 
Хемотрофтардың ішінде органикалық емес электрондарды(H
2
, NH
2

H2S, Fe 
2+
және т.б) пайдаланатындарды литотрофтар 
(
гректің 
lithos
-тас
)
,ал 
органикалық 
қосылыстардың 
электрондарын 
пайдаланатындарды 
органоторфтар 
деп атайды. 
Медициналық 
микробиология 
зерттейтін 
бактериялар 
гетерохемоорганотрофтарға 
жатады. Бұл топтың ерекшелігі, кӛміртегі кӛзі- 
энергия кӛзі болып табылатындығында. 
Әр түрлі бактерияларда гететротрофтық дәрежесі біркелкі болмайды. 


33 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Ӛлі органикалық заттармен қоректенетін және басқа организмдерге тәуелсіз 
микроорганизмдер-
сапрофиттер 
(гректің 
sapros
- шіріген, 
phitos
-ӛсімдік) 
және қоректік заттарды макроорганизмнен алуға тәуелді гетеротрофты 
микроорганизмдер 
паразиттер 
(гректің 
parasitos- 
арамтамақ) деп бӛлінеді. 
Паразиттерді облигатты және факультативті түрлерге ажыратады. 
Облигатты 
паразиттер жасушадан тыс жерде мүлдем тіршілік ете алмайды. 
Оларға макроорганизм жасушасының ішінде ғана кӛбейе алатын Rickettsia, 
Coxiella, Ehrlichia, Chlamidia тұқымдастығының ӛкілдері жатады. 
Факультативті 
паразиттер, сапрофиттер тәрізді иесінің жасушасынсыз 
қоректік орталарда 
in vitro, 
яғни дәлірек айтқанда организмнен тыс тіршілік 
етіп кӛбейе алады. 
Бактерияларды 
in vitro 
жүйесінде дақылдандыру қоректік орталарда 
жүзеге асырылады. Жасанды қоректік орталар келесі талаптарға сай болуы 
тиіс: 
1.
Бактериялардың барлық тіршілік процестері суда ӛтетіндіктен кез- 
келген қоректік ортада жеткілікті мӛлшерде су болуы қажет. 
2.
Гетеротрофтық бактерияларды дақылдандыру үшін ортада 
органикалық кӛміртегі кӛзі болуы керек. Бұл қызметті түрлі органикалық 
қосындылар 
атқарады: 
кӛмірсулар, 
аминқышқылдары, 
органикалық 
қышқылдар, майлар. Ең жоғарғы энергетика кӛзі глюкоза болып табылады, 
ӛйткені ол ыдырау барысында тікелей АТФ және биосинтетикалық жолдарға 
қажетті ингредиеннттерге бӛлінеді. Бұл мақсатта ақуыздардың жартылай 
гидролизінің ӛнімі, поли-, олиго-, дипептидтерден тұратын 
пептон 
жиі 
пайдаланылады. Пептон және де бактериалдық ақуыздарды құруға қажетті 
аминқышқылдарын жеткізіп отырады. 
3.
Ақуыз, нуклеотидтер, АТФ, коферменттер синтездеу үшін бактерияға 
азот, күкірт, фосфат және басқа да минералдық заттар мен микроэлементтер 
қажет. 
Азот кӛзі ретінде пептон болуы мүмкін, сонымен қатар кӛптеген 
бактериялар азот кӛзі ретінде аммоний тұздарын пайдалана алады. 
Күкірт пен фосфорды бактериялар бейорганикалық тұздар ретінде 
пайдалануы мүмкін: сульфаттар және фосфаттар күйінде. 
Ферменттердің дұрыс жұмыс жасауы үшін бактерияларға Ca
2+,
Mg
2+,
Mn
2+,
Fe
2+
иондары қажет, оларды қоректік орталарға фосфат тұздары ретінде 
қосып отырады. 
4.
Кӛптеген микроорганизмдердің ӛсіп-ӛнуінде орта pH маңызды орын 
алады. Ортаның pH-ын белгілі бір деңгейде ұстап отыру, бактериялардың 
ӛздерінің тіршілік ӛнімдерінің нәтижесінде пайда болған улардан ӛліп 
қалмауы үшін қажет. Осы мақсатта қоректік ортаны фосфаттық буфер 
кӛмегімен буферлеп қояды. Зат алмасудың нәтижесінде шамадан тыс 
қышқыл бӛлінген жағдайда қоректік ортаға кальций карбонатын қосады. 
5.
Ортаның белгіленген осмостық қысымы болуы керек. Бактериялардың 
кӛпшілігі изотониялық орталарда ӛседі, ал ортаның изотониялық болуы 
NaCl-дін 0,87%-дық концентрацияда қосу арқылы жеткізіледі. Кейбір 
бактериялар тұз концентрациясы 1%-дан тӛмен орталарда ӛсе алмайды. 


34 
Бұндай бактерияларды 
галофильді 
бактериялар деп атайды. 
Қажет болған жағдайда қоректік орталарға ӛсу фаторларын, кейбір 
бактериялардың ӛсуін басатын ингибиторлар, ферменттер әсерін күшейтетін 
субстраттар мен индикаторлар қосылады. 
6.
Қоркетік орталар стерильді болуы тиіс. 
Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, жартылай 
сұйық және тығыз болып келеді. Орта тығыздығы 
агар-агар 
қосу арқылы 
жасалады. 
Агар-агар 
– балдырлардан алынатын полисахарид. Ол 100
0
С 
температурада балқып, 45-50
0
С – та қатады. Жартылай сұйық орта жасау 
үшін 0,5%, және тығыз орталар үшін 1,5-2% концентрацияда агар қосылады. 
Құрамы және қолданылу мақсатына қарай орталарды қарапайым, күрделі, 
элективті, минималды, дифференциалдық-диагностикалық және аралас 
қосарланған 
орталар деп бӛледі. 
Құрамына қарай орталар қарапайым және күрделі деп бӛлінеді. 
Қарапайым орталарға пептонды су, қоректік сорпа және ет-пептонды агар 
жатады. Осы қарапайым орталардың негізінде күрделі орталар жасалынады, 
мысалы қантты және сарысулы сорпа, қанды агар. 
Ортаны 
қолданылу 
мақсатына 
қарай 
элективті, 
байыту, 
дифференциалдық-диагностикалық деп бӛледі. 
Элективті 
деп белгілі бір түрге жататын микроорганизм ғана жақсы 
ӛсетін ортаны атайды. Мысалы pH 9 болатын сілтілі орта тырысқақ 
вибрионын бӛліп алуға пайдаланылады. Басқа бактериялар, атап айтқанда 
ішек таяқшасы, сілтілік жоғары болғандықтан ӛспейді. 
Байыту орталары 
– бұл белгілі бір бактерияның ӛсуіне жоғары 
мүмкіндіктер жасап, басқа бактериялардың ӛсуін басатын орталар (1- сурет). 
Мысалы, натридің селениті қосылған орта 
Salmonella 
тұқымдастығына 
жататын бактериялардың ӛсуін күшейтіп, ішек таяқшасының ӛсуін басып 
отырады. 
Дифференциалдық-диагностикалық 
орталар 
бактериялардың 
ферментативтік белсенділігін зерттеуде қолданылады. Бұл орталардың 
құрамына фермент әсер ететін субстрат қосылған жай қоректік орта және 
субстратқа фермент әсерін тигізгенде түсін ӛзгертетін индикатор кіреді. 
Бұндай ортаның мысалы ретінде Гисс ортасын келтіруге болады. Осы ортада 
бактерия жасушасы ферменттерінің қантты ыдыратуын зерттейді. 
Аралас (қосарланған) орталар, 
бірлескен флораның ӛсуін басатын 
элективті орта мен микроб бӛлетін ферменттің белсенділігін анықтайтын 
дифференциалдық-диагностикалық орталар біріктіріліп жасалады. Бұндай 
орталардың мысалы ретінде патогенді ішек таяқшаларын бӛліп алуда 
қолданылатын Плоскирев ортасы мен висмут-сульфитті агарды келтіруге 
болады. Берілген екі орта да ішек таяқшасының ӛсуін басады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет