Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет30/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
атмосфералық оттегіні толық шығарып тастауға мүмкіндік беретін жағдайлар 
жасалынады: арнайы құралдарды қолдану, анаэростаттар мен анаэробты 
бокстар, қоректік орталарға оттегіні редукциялайтын заттар қосу, мысалы 
натридің тиогликолятын, немесе оттегіні сіңірушілерді пайдалану. 
Қоректік орталар 
Бактерияларды дақылдандыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. 
1.
Құнды қоректік ортаның болуы. 
Кез-келген қоректік орта құрамының 
күрделілігі мен пайдалану мақсатына қарамастан негізі судан, энергия мен 
кӛмірсутегінің органикалық кӛзінен, тұрақты рН пен осмостық қысымға ие 
болуы қажет. 
2.
Дақылдандыру температурасы. 
Кӛбею жылдамдығына температура 
әсерін тигізеді. Температураға бактериялар әрқалай жауап береді: 
-
 
мезофилдер 
20-40
0
С температуралық аралықта кӛбейеді. Адамдарда 
ауру тудыратын бактериялардың кӛпшілігі мезофилдерге жатады; 
-термофилдер
40-60
0
С температуралық диапазонда ӛседі. 
Термофилдерге актиномицеттер, кейбір споратүзуші бактериялар жатады; 
-
 
психрофилдер 
0-20
0
С температуралық аралықта кӛбейеді. 
3.
Дақылдандыру атмосферасы. Қатаң аэробтар 
ӛсіп кӛбею үшін 
оттегі қажет. Аэробтар Петри табақшасындағы агардың бетінде немесе сұйық 
ортаның жұқа беткі 
қабатында 
жақсы ӛседі. Қатаң аэробтардың сұйық 
ортаның 
терең деңгейлерінде ӛсуін қамтамасыз ету үшін оттегі бүкіл 
қоректік ортаға диффузды түрде таралуы қажет. Бұған қоректік ортаны 
үздіксіз араластырып немесе сілкіп отыру, атап айтқанда аэрациялау, арқылы 
қол жеткізіледі. Аэрациялау арнайы аппаратттармен – сілкілегішпен іске 
асырылады. 
Факультативті анаэробтарды 
дақылдандыру үшін жоғарыда аталып 
кеткен әдістерді қолданады, себебі оттегі бар жерде оларға энергетикалық 
қамтамасыз етуде оксидативті метаболизм ферментациядан тиімді болады. 
Микроаэрофилдер 
оттегінің парциалдық қысымы тӛмен жағдайда кӛбейеді. 
Бұған ауадағы СО
2
-нің 
парциалдық қысымы 0,03%-ға қарағанда 
дақылдандыру атмосферасындағы СО
2
парциалдық қысымын 1-5% 
концентрациясына кӛтеру арқылы қол жеткізіледі. Бұл үшін арнайы СО
2

инкубаторлар қолданылады, немесе себінділерді жанып тұрған шырағдан 
қойылған эксикаторларға орналастырады. 
Облигатты анаэробтар 
ӛсу және кӛбею үшін ауадағы оттегінің ортаға 
түспеуін талап етеді. Бұған келесі шаралар арқылы қол жеткізіледі: 
-
қоректік орталарға оттегіні редуциялайтын заттар қосу арқылы: 
тиогликоль қышқылын, аскорбин қышқылын, цистеин, сульфидтер; 
-
сұйық қоректік орталарды қайната отырып оттегіден құтылып, сонан- 
соң орта құйылған ыдысты резинка тығынмен жауып қою арқылы; 
-
сілтілі пирогаллол және тағы да басқа оттегіні сіңірушілерді 
пайдаланып, герметикалық жабылатын ыдыстарға - «газпактарға» салып қою 
арқылы. 
Бұл 
әдіс 
(Gaspack) 
аэротолерантты 
бактерияларды 
дақылдандыруда қолданылады; 


40 
- ауадағы оттегіні механикалық жомен ығыстырып, орнына ыдысты 
инертті газбен толтыру арқылы (бұл мақсатта анаэростаттар мен анаэробты 
бокстар қолданылады). 
Хемо – және автотрофты бактерияларды дақылдандыру үшін СО2-мен 
қанықтырылған атмосфера жасалынады. 
4.
Дақылдандыру уақыты 
генерациялау уақытына байланысты. 
Бакатериялардың кӛпшілігі кӛрнекті ӛсу беру үшін 18-48 сағат аралығында 
дақылданады. Кӛкжӛтел қоздырғышын дақылдандыру үшін 5 тәулік керек, ал 
M. tuberculosis-ті дақылдандыру үшін 3-4 апта қажет. 
5.
Жарықтандыру. 
Фототрофты бактерияларды ӛсіру үшін жарық қажет. 
Шартты-патогенді бактериялардың кей түрлері жарықтандыруға байланысты 
пигмент түзеді, оны идентификациялау кезінде пайдаланады. 
Абсолюттік жасуша ішілік паразиттерді дақылдандыру (оған 
Rickettcia, 
Ehrlichia, Coxiella, Chlamidia 
тұқымдастығының бактериялары жатады) 
жасушалар дақылдарында немесе жануарлар мен буынаяқтылардың 
организмінде, сонымен қатар тауық эмбриондарында (эрлихиялардан басқа) 
ӛсіру арқылы іске асырылады. Тауық эмбриондарын гетеротрофтық деңгейі 
жоғары бактерияларды дақылдандыруда да қолданады, мысалы: 
Borrelia 
мен 
Legionella 
тұқымдастығының бактериялары. 
Ӛндірістік 
жағдайларда 
бактериялар 
мен 
саңырауқұлақтардың 
биомассасын (антибиотиктер, вакциналар мен диагностикалық препараттар 
жасау мақсатында қолдануға алу үшін) дақылдандыру сыйымдылығы әртүрлі 
арнайы аппараттарда (ферментерлерде) микробтардың ӛсу және кӛбеюінің ең 
тиімді параметрлерін қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет