Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Тақырыбы: Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта



Pdf көрінісі
бет44/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Тақырыбы: Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта 
микрофлорасы. 
Микроорганизмдер экологиясы (oikos – грек сӛзінен аударғанда – үй, 
тіршілік ету орны) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған 
ортамен ӛзара арақатынасын зерттейді. 
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, ӛсімдіктерде, адам 
организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады. 
Микроорганизмдер – биоценоздың құрамды бӛлшегі, яғни тіршіліктің 
біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп 
– жануарлар, ӛсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі 
аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп 
атайды. 
Қоршаған ортада микробтардың таралуы. 
Қоршаған ортаның кӛптеген организмдері табиғатта заттардың 
айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған 
жануарлар 
мен 
ӛсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың ӛнімділігін арттырып, 
биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар адам организмінде 
қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады. 
Топырақ микрофлорасы 
Топырақта топырақ түзу және топырақтың ӛзін – ӛзі тазарту 
процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, кӛміртегі және т.б элементтер 
айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта 
бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия 
симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия 
саны- 10 млрд. жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, 
құрғақшылық т.б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы 
түрде азайып отырады. 
Микроорганизмдердің кӛпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың 
жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мӛлшері 
азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді. 
Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына
өсімдік 
құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б байланысты. 
Топырақ микроорганизмдерінің кӛпшілігінің рН- ы бейтарап, салыстырмалы 
жоғары ылғалдылықта, 25-45
0
С температурада дамуға қабілетті. 
Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті 
бактериялар (Azotobacter, Azomonas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. 
Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе кӛк- жасыл балдырларды, 
күріш алқаптарының ӛнімділігін арттыру үшін қолданады. 
Топырақ- Bacillus және 
Clostridium 
туыстығының спора түзетін 
таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес 
бациллалар (Bac.megaterium. Bac. Subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен 


60 
қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш 
бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың қатысады. Патогенді 
спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена 
қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта кӛбеюге қабілетті 
(Clostridium botulinum). 
Ішек бактериялары ( тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, 
сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа 
түсуі мүмкін. Бірақ мұнда кӛбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар 
біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек 
кездеседі, олардың кӛлемді мӛлшерде анықталуы топырақтың адамның және 
жануарлардың нәжісімен ластану кӛрсеткіші болып, санитарлық- 
эпидемиологиялық 
қолайсыздығын 
дәлелдейді 
(ішек 
жұқпалары 
қоздырғыштарының берілу тұсында). 
Топырақта кӛптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу 
процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық 
белсенді заттар бӛледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бӛледі. 
Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар 
және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады. 
Қарапайымдылар мӛлшері 1 г топырақта 500-500 000-ға дейін жетеді. 
Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, 
қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын ӛзгертеді. 
Адам үшін топырақтық құрамы және оның микрофлорасының мәнін 
білу топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағалануын реттеуге 
қажетті жағдай. Топырақтың санитарлық-микробиологиялық зерттелуі алдын 
ала қадағалау және ағымды санитарлық қадағалау инструкциясына 
бағынады. 
Алдын ала қадағалау жүргізіледі: 
а) құрылысты және тұрғылықты жерлердегі қайта қоныстандыру 
орындарын қайта салуды жоспарлау кезінде. 
б) 
емдеу-профилактикалық 
және 
дәріханалық 
мекемелердің, 
санаторилардың, балалар мекемелерінің құрылыс орындарын таңдау кезінде. 
в) тұрғылықты жердегі сумен қамтамасыз ету және канализация 
мәселелерін шешу кезінде. 
г) ұжымдық дем алу орындарын және жағажайлардың санитарлық 
бағалануы кезінде. 
Ағымды санитарлық қадағалау жүргізіледі: 
а) топырақтың санитарлық жағдайын бағалау кезінде және ӛзін ӛзі 
тазалау қабілетін тексеру кезінде (мысалы балалар бақшасының топырағын, 
аурухананың, демалу орындарының топырақтарын жылына 2 рет жүргіледі). 
б)ағын сулар мен қалдықтарды топырақтық және биотермиялық 
залалсыздандыру әдістерімен қадағалау кезінде жүргізіледі (айына 4 ретке 
дейін) 
в) эпидемиялық кӛрсеткіштер бойынша инфекциялық аурулардың 
берілуін анықтау. 
Ағымды-санитарлық қадағалауды жүргізу кезінде тағайындалады, 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет