Ауа микрофлорасы Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен ӛзара
байланысты.
Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс
жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді және таяқша
бактериялар, костридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар
табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының
жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер кӛп, ал
ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында
микроорганизмдер ӛте аз.Микроорганизмдердің кӛпшілігі жабық бӛлмелер
ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бӛлменің уақытылы тазаланып
жиналуына, жарықтану деңгейіне, бӛлмедегі адамдар санына, желдету
жиілігіне және т.б байланысты болады.
Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бӛлменің ылғалды
жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге
жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бӛлмені
(мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б. )
қолданылады.
Кесте болу керек осы жерде.
Ауаны зерттеудің сандық микробиологиялық зерттеу әдісі тұндыру
(седиментация), аспирация немесе фильтрация принциптеріне негізделген.
Седиментациялық әдіс. Қоректендіретін агары бар екі Петри
табақшасын 60 минут бойы ашық күйде қалдырады содан соң термостатта
37
0
С-да инкубациялайды. Нәтижелерді екі табақшадағы колониялардың
жалпы санымен бағалайды: егер 250-ден аз колония табылатын болса ауа
таза деп есептеледі, 250-500 колония орта дәрежеде ластанған, 500-ден кӛп
колония ластанған деп есептеледі.
Аспирациялық әдіс . Ауаның микробтық
ӛлшемін анықтайтын
нақтырақ әдіс. Ауаның дақылдандырылуы құралдар кӛмегімен жүзеге
асырылады. Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып
тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі бір
жылдамдықпен ауаны ӛткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта
микробтық ӛлшемді мына формула бойынша санайды:
x =a*1000/V
мұнда a-табақшадағы ӛскен колониялардың саны; V-құралдан ӛткен
ӛткізілген ауаның кӛлемі, л; 1000-ауаның болуға тиіс кӛлемі,л.