8
Прокариоттар
Эукариоттар
Нуклеоид цитоплазмадан арнайы
мембранамен оқшауланбаған.
Цитоплазмадан мембранамен
бӛлінген,оқшауланған ядросы бар.
Бір сақиналы (кольцевая) хромосомасы
бар.
Бірнеше хромосомасы бар.
Митоз болмайды.
Митоз болады.
Жасуша қабатының құрамында
пептидогликан бар.
Жасуша қабатында пептидогликан
болмайды.
Цитоплазмалық органеллелар
болмайды.
Цитоплазмалық органеллалары
болады.
Цитоплазмадағы рибосомалар типі 75S. Цитоплазмадағы рибосомалар типі
80S
Жасушаның құрғақ массасы 10
-15
- 10
-11
. Жасушаның құрғақ массасы 10
-11
-10
-7
Прокариоттар әлемі бӛлімдерден тұрады. Ыңғайлы болу үшін
бӛлімдерді топтарға бӛледі.
Топ (группа) – таксономиялық статусы жоқ, рангадан тыс түсінік.
Микробтарды жіктеуде математикалық
әдіс те қолданылады, мысалы
нӛмірлік талдау (нӛмірлік таксономия). Бұл әдісті А.Адансон (1757)
ұсынған. Бұл әдіс бойынша зерттелетін обьектінің мүмкіндігінше кӛптеген
белгілерін 50-ден 300-ге дейін зерттеу кӛзделген. Зерттелетін белгілерінің
барлығының маңызы бірдей, бағалау және жіктеу осы белгілердің бір-бірімен
сәйкестелуіне, яғни корреляциясына негізделген. Нӛмірлік таксономияны
алғашқы рет бактерияларды жіктеуге Смит (1957) қолданды.
Электронды
санаушы машиналар (ЭВМ) қолданыла бастағаннан кейін бұл әдістің
мүмкіндігі күшейіп отыр.
Генетикалық жүйеде болашағы күшті әдіске ДНҚ-ң молекулалық
гибридизациялау (будандастыру) тәсілі жатады. Бұл әдістің бактериялардың
түрін ажыратуда маңызы күшті болғанымен, жоғарғы сатыдағы таксондарды
анықтауда нәтижесі тӛмен. Осы ғасырдың 70-ші жылдары прокариоттарды
жіктеу
мақсатында, эволюциялық процесс кезінде ӛте баяу ӛзгеріске
ұшырайтын рибосомалық РНҚ-ң нуклеоидтық құрамы ұсынылды.
«Бержди анықтамасы» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі
олардың жасуша қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4
бӛлімге топтастырылған:
Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;
Firmicutes, қалың қабатты, грам оң;
Tenericutes, жасуша қабырғасы жоқ, микоплазмалар;
Mendosicutes, жасуша қабырғасы ақаулы, архебактериялар.
Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады.
Кокктар – шар тәрізді жасушалар (кӛлденең ӛлшемі ұзындығына тең,
яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда байланысқан орны жазық болуы
мүмкін,
осындай
қос-қос,
екі-екеуден
орналасқан
жасушаларды
диплококктар деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген кокктар -