Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет69/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Бүйрек денешігінің құрылысы
Бүйрек денешігі қантамырлар шумағы және капсуладан (Боумен–Шумлянский) тұрады. 
1) Қантамырлар шумағы әкелуші және әкетуші артериола аралығында орналасқан фенестрленген 
25–50 шақты қан капиллялар (50мм.с.б.) торынан тұрады. Фенестрленген қан капиллярлар 
қабырғасы эндотелиймен жабылған. Эндотелийде (0,1мкм.) саңылаулары бар және олар 3 қабатты 
базалды мембранада орналасқан. Базалды мембрананың ішкі және сыртқы қабаттары ашық түсті, 
ал ортаңғысы (d.7нм. саңылаулары бар) тығыз күңгірт түсті. Базалды мембрана қан капилляр 
эндотелийі мен капсуланың ішкі эпителийіне ортақ болады. Қан капиллярлары аралығында 
дәнекер тінде мезангиялық жасушалары орналасқан.
) Шумақша капсуласының пішіні бокал тәрізді және ол ішкі және сыртқы жапырақшадан түзілген, 
аралығындағы қуыстан нефронның проксималды өзекшесі басталады.
Капсуланың ішкі жапырақшасы подоциттермен жабылған, олар әрбір қан капиллярларын жан–
жағынан қоршай жауып орналасқан.
Капсуланың сыртқы жапырақшасы жалпақ немесе текше тәрізді эпителиймен жабылған. Бұл 
нефронның проксималды өзекшесіне өтеді. Екі жапырақша аралығында капсула қуысы бар.
Подоциттер – пішіні дұрыс емес, d.30 мкм. эпителиалды жасушалар Жасуша денесінен ірі 
біріншілік өсінділері – цитотрабекулдар, ал олардан тарайтын ұсақ екіншілік өсінділер – 
цитоподиялары 3 қабатты базалды мембрананың сыртқы бетіне бекінеді. Араларындағы 
фильтрациялы саңылаулары сүзгі функциясын атқарады.
Подоциттің функциясы: 
1) гломерулярлы базалды мембрана компоненттерін синтездеу
2)қан капиллярындағы қанағымын реттейтін заттек бөлу; 
3) фагоцитоз. 
Фильтрациялық тосқауыл деп капсула қуысы және шумақты қан капилляр аралығындағы
құрылым жиынтығын айтамыз.
1) қан капилляр эндотелийі (фенестрі мен 0,1мкм. саңылауы бар жасуша) ; 
2) үш қабатты базалды мембрана (ортаңғы қабатта шамасы 7нм. саңылауы бар); 
3) подоцит жасушалары (капсуланың ішкі жапырақшасы). 
Осы сүзгі арқылы қан плазмасы сүзіліп 1–лік несеп түзіледі, құрамы: су, төменгі молекулалы 
ақуыз, глюкоза, эектролит, мочевина, амин қышқылы бар. Қалыпты жағдайда қан элементтері 
және ірі молекулалы ақуыздар өтпейді. 
Патологиялық жағдайда осы саңылау көлемі ұлғаюы мүмкін, сонда 1–лік несеп құрамында ірі 
молекулалы ақуыздар (протеинурия) және эритроциттер (гематурия) болады. 
Нефронның проксималды бөлімі. 
2 бөлімнен: а) иректі (ұзын) және тік (қысқа) өзекшелерден тұрады. Өзекше қуысы (3) d.60 
мкм. бірқабатты призмалық жиектелген эпителиймен жабылған.
Функциясы: 
1) реабсорбция, 1–лік несептен қанға ақуыз, глюкоза, электролит, су кері сорылады
2) органикалық қышқылдар (креатинин т.б.) секрециясы жүреді; 
3) экзогенді заттардың экскрециясы жүреді.
Жасуша ерекшеліктері: 
а)апикалді бөлімде сілтілі фосфатаза бар сызықты жиектерінің (микробүр) болуы (қанға 
глюкозаны кері сору); 
б)цитоплазмасы мөлдір емес (пиноцитоз көпіршіктері мен лизосомалары көп (пиноцитоз 
жолымен сорылған ақуыздар протеолитті ферменттер арқылы амин қышқылына 
ыдырайды) болуы; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет