Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет72/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Эмбриондық кезеңде бүйрек мезодерманың нефротом (сегмент аяқшалары) бөлігінен дамып, үш 
кезеңнен өтеді: 
−алғашқы бүйрек (1–pronephros) 8–10 сегмент аяқшаларынан дамиды, несеп өндіру 
функциясын атқармайды кері дамуға ұшырайды
−біріншілік бүйрек (2–mesonephros) бүйрек денешігінің капсуласы мен капилляр шоғырлары 
қалыптасады; 
−тұрақты бүйрек (3–metanephros) ұрықтық дамудың 2–ші айынан басталып нәресте дүниеге 
келгенше жүреді. Мезодерманың сегменттелмеген каудалды бөлігінен нефрогенді тін және 
мезонефральді түтік қалыптасады. Нефрогенді тіннен бүйректің өзекшелері дамиды. 
Мезонефральді өзектен несепағар, бүйрек қуыстары мен тостағаншалары, жинақтау түтіктері 
дамиды.
Функциялары: 1) несепөндіру және заттек алмасуының соңғыөнімдерін шығару;
2) тұз – су алмасуын реттеу; 
3) қышқыл– сілтілік тепе-теңдікті тұрақтандыру; 
4) эндокринді (ренин, простогландин, эритропоэтинді бөлу). 
Құрылысы: Бүйрек жұпты ағза, сыртқы беткейінен тығыз талшықты дәнекер тінімен, ал оның беті 
сірлі қабықшамен жабылған. Әрбір бүйректе қыртысты және милық бөлікті ажыратамыз. 
Қыртыстық бөлігі қызғылт қоңыр түсті және капсула астында орналасқан. Милық бөлігі ашық 
түсті 8–12 пирамидаға бөлінген. Пирамида төбелері бүйрек қуысына шығып тұрады. Даму 
барысында бүйректің қыртысты заты ұлғайып пирамида аралығына кіріп бүйрек бағаналарын 
құрады. Милы бөлік қыртысты бөлік ішіне қарай кіріп сәулелер түзеді. 
Бүйрек стромасын дәнекер тіні (қантамырлар мен нервтер), 
ал паренхимасын(нефрондар) эпителий тіні қалыптастырады. Бүйректің структуралық–
функциялық бірлігі нефрон болып саналады, әрбір бүйректе 1 млн. 
Бүйректің қыртысты бөлігін 3 түрлі нефрондардың бүйрек денешіктері, иректі проксималды 
өзекшелері, иректі дисталді өзекшелері, ЮГА аппаратының компоненттері қалыптастырады. 
Бүйректің милық бөлігін проксимальді тік өзекшелері, жіңішке өзекшелері, дисталды тік 
өзекшелері, жинақтау түтіктері қалыптастырады 
Нефрон құрылысы: Бүйректің структуралық–функциялық бірлігі 
болып нефрон саналады. Ол капиллярлар шумағының капсуласынан (Боумен–
Шумлянский) және бүйрек өзекшелерінентұрады. Капсуладан проксималды өзекше шығып, ол 
проксималды иірімді және тік өзекшеге өтіп, нефронның проксималды бөлімін түзеді. 
Проксималды тік өзекше нефронның жіңішке өзекшесіне жалғасады, олар өз кезегінде ілмектің 
(петля) жіңішке төменгі және жуан жоғарғы бөліктері деп бөлінеді. Жіңішке өзекше тік және 
иірімді дисталды өзекшеге өтеді. Дисталды 
бөлім жинағыштүтікшелерге (нефрон құрамына кірмейді), ал олар пирамида тұсында ашылады. 
Нефронның түрлері 
Сыртқы (қыртысты) немесе 
беткейлік нефрондар (15%), бұл нефрондар толықтай қыртысты затта орналасқан. 
Аралық қыртысты нефрон (70%), мұнда бүйрекденешіктері, проксималды иірімді және дисталды 
иірімді өзекшелері қыртысты затта орналасып, ал олардың 
жіңішке өзекшелері милық бөлімнің сыртқы және ішкі аймағыменшекарасына жетіп одан тік 
дисталды өзекшеге жалғасады. 
юкстамедуллярлы немесе милық нефрондар (15% 
), мұндабүйрек денешіктері, проксималды иірімді және дисталды иірімді 
өзекшелері қыртысты затта, ал олардың жіңішке өзекшелері милық бөлімде орналасқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет