Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет47/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
3. Науа тәрізді бүртіктер - ірі 6 дан 12 ге дейін тілдің түбінде жоғарғы бөлігінде орналасады. 
Ортаңғы сызықтың бойымен тілдің денесі мен түбінің арасында орналасқан. Ұзындығы шамамен 
1—1,5 мм.
4. Жапырақ тәрізді бүртіктер - балаларда ғана өте жақсы дамыған. Тілдің оң және сол бүйірлерінде 
екі топқа бөлініп орналасады. Әрбір топта жіңішке кеңістік арқылы бөлінген 4-8 параллель 
орналасқан емізікшелер бар. Әрбір емізікшенің ұзындығы шамамен 2—5 мм. 
42. Миндалиналар, олардың құрылысы мен дамуы. Миндалиналардың шұңқырлары мен 
крипталары. Миндалина фоликуллалары және олардың жасушалық құрамы.
Миндалиналар (бадамша бездер) 
Миндалиналар немесе бадамша бездер лимфоэпителиалды мүшелерге жатады. Себебі, оларда 
эпителий мен лимфоциттер өзара әрекеттесіп орналасқан (тимус, құрт өсіндісі және Пейеров 
табақшалары). Пейеров табақшалары топтасып орналасқан лимфа түйіндері. Миндалиналар ауыз 
қуысының түбінде, өңеште көптеп кездеседі. Жұп миндалиналар таңдайда және жұтқыншақ пен 
тілде жекеленіп орналасқан. Лимфоэпителиальді Пирогов - Вальдейер сақинасы болып табылады. 
Бұлар тыныс алу жолдары мен ас қорыту түтікшелерін қоршай орналасады.
Олардың қызметі: 

Антигенге тәуелді « Т » мен « В » лимфоциттерінің дифференциялануы жүреді, яғни қан 
түзу қызметі.

Барьерлік – қорғаныс қызметі.

Цензорлық қызметі — тағамның микрофлорасының жай - күйіне бақылау жасайды.
Дамуы: 
Эмбриогенезде миндалиналар ұрықтың 3 - айлық кезеңінен 5 - ай аралығында қалыптаса 
бастайды. Даму барысында эпителий, ретикулярлы тін мен лимфоциттер өзара әрекеттесіп 
байланысуынан қалыптасады. Таңдай миндалиналары - сопақша келген екі денешік түріндегі 
құрылым, және кілегейлі қабығында бірнеше қатпарлары болады. Кілегейлі қабық эпителийі көп 
қабатты мүйізделмеген, құрамында эпителийдің меншікті пластинкасына енген 10-20 шақты 
лакуналар крипталар түзеді. Лакуналардың біразы тармақталып та кетеді. Лакуналарды тыстайтын 
эпителиінде көптеген лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер -қоныстанға. Қабыну процесі 
кезінде лакунаға ірің жиналады, оның құрамында тіршілігін жойған лейкоциттер, эпителиоциттер 
мен микроорганизмдер болады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында лимфоидты 
түйіндер орын алады. Лимфоидты түйіндердің орталық бөлігі ашық түсті лимфоциттердің көбею 
орталығы, ал мұны қоршаған корона тәрізді мантийлі аймағы болып табылады. Мантийлі шеткі 
аймағының құрамында еске сақтау жасушалары - « В » лимфоциттері де бар. Лимфоидты 
фоликулдардың құрамында макрофагтар мен фолликулярлы дендритті жасушалар да болады. 
Миндалиналардың сыртын қоршайтын капсуласы - кілегей асты құрылымдағы дәнекер тіні. 
43. Өңеш және жұтқыншақ. Қызметі, қабырғасының құрылысы, дамуы. Өңеш қабырғасының 
әртүрлі бөліктерінің құрылысы. Өңеш бездері.
Жұтқыншақ 
Жұтқыншақта тыныс алу және ас қорыту жолдары қиылысады. Осыған байланысты 
жұтқыншақтың: мұрын, ауыз және көмекей бөліктері ажыратылады. Мұрын - жұтқыншақ 
бөлігінің кілегейлі қабығының эпителийі көп қатарлы кірпікшелі, құрамында аралас бездері 
болады. Ауыз бен көмекей - жұтқыншақ бөліктерінің кілегейлі қабығының эпителийі көп қабатты 
жалпақ, меншікті пластинкаға бекінген, құрамында эластин талшықтары болса, ал кілегей асты 
негізінде күрделі шырышты бездердің соңғы бөліктері орналасады. Ет қабығы екі қабаттан 
тұратын көлденең жолақ ет тіні. Жұтқыншақтың сыртқы қабығы – адвентиция.
Өңеш




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет