Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет46/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
-тіс емізікшесінен дентин мен пульпа түзіледі. Дентин жасушаларыдентинобласттар болып 
табылады. 
Эмаль тіс коронасын қаптап тұрады. Эмаль органикалық заттардың 3-4%, көп мөлшерде 
бейорганикалық тұздардың 96-97 % - нан тұрады.
Дентин тіс коронасының, мойынының және тіс түбірінің көп бөлігін алады. Онда органикалық 
заттардың 28% (негізгісі коллаген) және бейорганикалық заттардың 72% (негізгісі кальций 
фторидімен араласқан кальций мен магний фосфаты ) кездеседі.
Цемент тіс түбірін және тіс мойынын қаптап жатады. Эмальға жұқа қабат түрінде кірігіп 
орналасады. Тіс түбірінің ұшына қарай цемент қалыңдай түседі . Цементте органикалық заттардың 
30% және бейорганикалық 70% кездеседі. Олардың ішінде фосфат тұздары мен кальций 
карбонаты. 
Пульпа немесе тістің жұмсақ еті, ол тістің коронкалы қуысында және түбірлі каналдарда 
орналасады. Пульпа борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады, онда 3 қабатты ажыратамыз:
1. Пульпаның перифериялық (шеткі) қабаты – пішіні алмұрт тәріздес көпөсінділі жасушалардың 
бірнеше қатарынандентинобласттардан құралған. 2. Пульпаның аралық қабатында пісіп 
жетілмеген коллаген талшықтары және түрлене отырып, ескі дентинобласттардың орнын 
алмастыратын жас жасушалардан құралған.
3. Пульпаның орталық қабаты талшықтардан және қан тамырларынан тұрады. Бір-біріне алыс 
орналасқан жасушалар да кездеседі. 
41. Тіл. Тілдің дамуы мен құрылысы. Тілдің шырышты қабықшасы. Тілдің шырышты 
қабықшасының әр түрлі бөлімдеріндегі ерекшіліктері. Тіл бүртіктері. 
Тіл – тілдің денесі көледенең - жолақ ет тінді. Ет талшықтары тілде әртүрлі бағытта орналасады: 
тік, көлденең, қиғаш талшықтары болғандықтан, тіл күрделі қозғалыстар жасайды. Ет 
талшықтаының арасында БТҚДТ мен қан тамырлары, нервтер және май жасушалары орналасады.
Тілдің негізгі қызметтері – сөйлеу, жұту, механикалық өңдеу және дәм сезу. Тілдің құрылысында:
Шырышты қабат - көпқабатты жалпақ мүйізденбеген эпителий, ол біркелкі тегіс емес үстіңгі, 
бүйір беттерінде бүртіктерді қалыптастырады және шырышасты негізімен бірігіп кеткен, ал 
төменгі бөлігінде ол болады (меншікті пластинка) және шырышасты негіз бен көлденең жолақты 
бұлшықет тінінен тұрады. 
Адам тілінде 4 түрлі бүртік кездеседі:
1. Жіп тәрізді (papillae filiformes) - (тіл жотасында ұзына бойы);
2. Саңырауқұлақ тәрізді (papillae fungiformes)-(тіл ұшы, бүйір беті);
3. Науа тәрізді (papillae vallatae)-(тіл беткейі, түбірі);
4. Жапырақ тәрізді (papillae foliatae)-(екі бүйір беті). 
Тілде төрт түрлі бүртіктер болады . 
1. Жіп тәрізді бүртіктер - ең көп кездесетін, тілдің жоғары бөлігін біркелкі жауып орналасатын 
бүртіктер. Мөлшері жағынан барлық бүртіктердің ішіндегі ең ұсағы. Ұзындығы шамамен 0,3 мм.
2. Саңырауқұлақ тәрізді - саны жағынан аз және жіп тәрізді бүртіктермен қатар тілдің жотасында 
орналасады. Көп бөлігі тілдің ұшында және бүйірінде көбірек. Жіп тәріздіге қарағанда мөлшері ірі 
0,7—1,8 мм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет