Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет54/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
47. Аппендикс, оның құрылысы мен маңызы. Тік ішек. Қабырғасының морфо-функциялық 
сипаттамасы.
Аппендикс- ішектің бөлігінде антигенге тәуелді емес лимфоциттер көбейеді де, көптеген 
лимфоидты тіннің жиынтығы кілегей асты негізінде орналасып, препараттан ерекше керінеді. Жас 
балада iшектің курт тәрізді өсіндіcінің қуысының пішіні үшбұрыш түрінде болса, ересек 
адамдарда дөңгелек болып келеді.
Дамуы. Нәрестеде бұл өсіндінің дамуын екі кезенге бөліп қарауға болады. Алғашкы (8-12 
апталық) кезде лимфоидты тін тіпті болмайды. Ал 17-31 апталық ұрықта, лимфоидты тін ішектің 
бұл бөлігінде өте белсенді түрде өседі. Ең жоғарғы дамып жетілу кезеңі 40 aпталық нарестеде 
байқалады да, құрамына Т, В-лимфоциттері орталық мүшелерден келіп қоныстана бастайды.
Құрылысы. Қабырғасындағы кілегейлі қабығында ішек крипталары (бездері) болады. Оның 
құрамында аздаған ғана бокал тәрізді жасушалары бар. Эндокриноциттерде баршылық, тіпті аш 
ішекке қарағанда көптеу. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында да, базофильді боялған 
лимфоидты фолликулалары көрінеді, тіпті кейде тіршілігін жойған лимфоциттер жиынтығы 
білінеді. Кілегей асты негізінде көптеген қантамырлары мен нерв будаларының өрімдері бар. Ет 
қабығы екі қабатты миоциттер жігінен: iшкісі циркулярлы, ал сыртқысы- бойлық түрде 
орналасады. Сырты серозды қабықпен тысталған. Қызметі: қорғаныс, сонымен қатар, ішектің бұл 
бөлігін ағзадағы шеткі иммунды жүйеге де жатқызуга болады. 
Tiк iшектін кабырғалық баска iшектердің құрылыстарына ұксас, қабырғасында: кілегейлі, кілегей 
асты, етті және сірлі қабықтары бар. Кілегейлі қабығының эпителиі бір қабатты призмалы. 
Ерекшелігі: тік ішектің анальды бөлігі үш аймақтарға жіктеледі. Олар: негізгі (бағаналы), аралық 
және терілік болып бөлінеді. Негізгі немесе бағаналы аймағын тыстайтын кілегейлі көп қабатты, 
куб тәрізді. Аралық бөлігінде көп қабатты жалпақ, ал терілік бөлігінің эпителиі көп кабатты 
мүйізделген. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасының құрамында жекелене орналасқан 
лимфоидті туйіндері де кездеседі. Инпервациясы: тік ішекке ток ішектен келетін 
парасимпатикалық қозғалтқыш нерв талшықтарының өрімдері біртіндеп барып сезімтал нерв 
талшықтарына айналады. 
48. Ұйқыбез. Морфо-функциялық сипаттамасы, даму көздері. Экзокринді және эндокринді 
бөлімдерінің құрылысы. Ұйқыбездің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Ұйқыбез- аралас без болып келеді, ол экзокринді және эндокринді бөлімдерінен тұрады. 
Экзокринді бөлімінде ұйқыбез сөлі өндіріледі (шамамен тәулікте1500-3000мл), ол асқорыту 
ферменттерге –трипсиногендерге, липазаларға,амилазаға және т.б. бай болады. Бұл ферменттер 
шығару түтігі арқылы 12-елі ішектің қуысына бөлініп, нәруыздардың, майлардың және 
көмірсулардың ыдырауына қатысады. Эндокринді бөлімінде бір қатар гормондар: инсулин, 
глюкагон, соматостатин, ВИП, ұйқыбез полипептиді өндіріледі, олар организмде көмурсулардың, 
нәруыздардың және майлардың алмасуын реттеп отырады.
Дамуы. Ұйқыбез денелік ішегінің энтодермасынан эмбриогенездің 3-ші аптасының аяғында дами 
бастайды. Алдымен екі төмпешік пайда болады, олардан бездің денесі, басы және құйрығы 
дамиды. Эмбриогенездің 3-ші айында энтодермалды бастамалар экзокринді және эндокринді 
бөлімдеріне дифференцияланады: ацинустар, шығару түтіктер және ұйқыбез аралшықтары 
қалыптасады. Капсула және бөлікшеаралық дәнекер тін мезенхимадан дамиды.
Құрылысы. Ұйқыбез–паренхиматозды ағза, бөлшекті болып келеді. Стромасы: а) висцералды көк 
етпен тұтасып жататын капсуладан және б)капсуладан ағзаның ішіне қарай өтетін тәжілерден 
тұрады. Жұқа капсула да тәжілер де БТДТ түзілген. БТДТ қабаттарында бездің экзокринді 
бөлігінің шығару түтіктері, тамырлар, нервтер, интрамуралды ганглийлер, пластинкалы Фатер-
Пачини денешіктері болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет