Нуржігт Алтынбеков Аралық бақылау №1 Қазіргі эпидемиологияның анықтамасы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата04.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#71492
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Техникалық шаралар: тұрғын үйлерге, өндірістік мекемелерге кеміргіштер кірмеуі үшін 
еденде тесіктер болмау керек, фундаменті 85см кем болмауы керек, желдетуге арналған 
тесіктерді торлау қажет.
Агротехникалық шаралар: егістік жерлерді тиімді жоспарлау, кепкен шөптерді құрту
бос жерлерді жырту, жайылым жерлерді жақсарту, астықты уақтылы және түгел жинап 
алу, астықты қоймаларда дұрыс сақтау. Кеміргіштерді жою механикалық, химиялық 
және биологиялық әдістермен жасалады.  
Механикалық әдісте кемірігіштерді арнайы құралдармен аулайды немесе улы жемді 
пайдаланады. Бұл құралдардың ішінде кеміргіштер өледі немесе аулап кейінен өлтіреді. 
Механикалық әдісті ашық ауада және бөлмеде қолдануға болады, адамға, малдарға 
зиянсыз, тиімділігін дәл анықтауға болады. Бұл әдісті кеміргіштерді жою үшін және 
олардың санын, түрін, таралуын анықтау үшін және бактериологиялық зерттеулер жасау 
үшін қолданады. Кемшілігі: аулау құралдарын қойып және оны үнемі бақылап тұру қажет
аулау құралдары шектеліп шығарылады, сондықтан химиялық әдіспен бірігіп жасау 
тиімді. 
Кеміргіштерді жою үшін қақпан немесе бастырғыш қолданылады, онда пружина 
кеміргішті басып қалады, кейіннен оны тазалау керек. Пружеңкелі қақпанды тақтайға 
немесе қатты қалың тақтайға орнатады, ортасына 2 спиралды пружеңкені қояды
пружеңкенің ішкі жағын тақтайға бекітеді, сыртқы жағы төртбұрышты темірді басып 
тұрады, ортасындағы ілмекке улы жемді іледі. Үлкен қақпанның көлемі 20х10см, кіші 
қақпан – 12х6см. Универсалды қақпандар кеміргішті де, тышқанды да аулайды. 
Пластиналы қақпанда ілмектің орнына пластина орнатылған, бетіне май жағып қояды, өте 


Нуржігт Алтынбеков 
сезімтал. Сеткалы, тірідей аулағыштың ұзындығы - 7см, ені-10см, биіктігі18см. Тақтайға 
тор орнатылады, бір жағындағы жылжымалы есік пружеңке арқылы ілмекпен қосылған, 
ілмек есіктен 5-7см қашықта қойылған. Кеміргіш сетка ішіне кіріп ілмектегі еліктіргішке 
(приманкаға) ұмтылғанда қақпан жабылып қалады. Тишлеев тышқан аулағышы автоматты 
түрде жұмыс істейді, бірнеше рет аулауға мүмкіндік береді. Ұзындығы - 23см, ені-16 см, 
биіктігі- 7см. Жәшіктің 3 жағы толық жабылады, төртінші жағында жылжымалы тор 
қойылған, ішіне кірген кеміргіш қайтып шыға алмайды, бөлмеде жинала береді. Кірер 
жерге уланған жем себіледі. Үй секілді жасалған аулағыштың едені жылжымалы етіп 
жасалады, уланған жем себілген торға кірген кеміргіш, қайтып шыға алмай қалады, 20-30 
дейін тышқан аулайды. Аулайтын құралдар кеміргіштерді уланған жемнің иісімен 
тартады. Астық қоймаларында еліктіргіш ретінде - ет, балық, ірімшік қойылады. Ет өндіру 
мекемелерінде керісінше нан, бидай, жемістер қойылады. Қақпанға көбіне нан, шұжық, 
балық, май қойылады. Жабысқақ затты үлкен картон, тақтайға 50х50 см көлемде жағып 
ұстауға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет