Биологиялық әдіс - бұл биопрепараттармен сыртқы ортадағы буынаяқтылардың
жойылуы.
Бұл әдіс биохимиялық агенттерді (гормональды препараттар, жәндіктердің өсуін
реттегіштер, аттракциондар, феромондар, иммуносупрессанттар), бактериалды дәрілерді
қолдануға негізделген.
буынаяқтылардың табиғи жыртқыш жаулары
Химиялық әдісте түрлі химиялық қосындылар қолданылады: жоятын, үркітетін
(репеленттер), иіс немесе дәммен тартатын (атраканттар), стерилизациялайтын және өсіп-
өнуін тоқтататын заттар - регуляторлар қолданылады.
Жәндіктерді жоютын заттарды инсектицидтер деп атайды, кенелерді жоятын заттар –
акарицидтер, жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы заттар – овоцидтер, дернәсілдеріне
қарсы заттар - ларвицидтер деп аталады.
Жәндіктерге қарсы қолданатын химиялық заттар жәндіктерді толығымен, тиімді жоятын,
бірақ адамға және үй жануарларына зиянсыз болуы керек. Барлық қолданатын заттар у
болғандықтан оларды пайдаланғанда сақтық шараларын қарастыру қажет, тағамдарды,
өсімдіктерді, жайылым жерлерді, ашық су қоймаларын ластамайтын болуы керек.
Инсектицидтердің тиімділігі қолданатын препараттың улылығынан, мөлшерінен, қолдану
уақытынан, ауаның температурасынан, залалсызданатын жердің санитарлық жағдайынан
байланысты. Инсектицидтер жәндіктердің денесіне түрлі жолдармен түседі - сыртқы
қабат, тыныс алу, ас қорыту жүйесі арқылы.
Денеге түсу жолына қарай инсектицидтер 3 топқа бөлінеді:
1. Контактты инсектицидтер.
2. Ішек инсектицидтері.
3. Фумиганттар.
Контактты инсектицидтер жәндіктердің сыртқы қабаттары арқылы денесіне түседі.
Контактты инсектицидтер қолданатын заттың химиялық құрылысына қарай
хлорорганикалық, фосфорорганикалық, карбаматтар, пиретроидтар және өсімдік заттары
болып бөлінеді. Хлорорганикалық заттарға гексахлоран, ГХЦГ, линдан, ДДТ жатады,
олар қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады, адамның, малдардың денесінде, өсімдіктер
мен топырақта жиналып, бірнеше жылға дейін кері әсерін тигізеді.
Гексахлоран - кристалл түрдегі ақ түсті зат, органикалық ерітінділерде жақсы ериді, α, γ,
β изомерлері бар. Иісі өткір жағымсыз, ұзақ сақталады. Гексахлоран 15 % эмульсия, 6-12
% дуст, 3 % инсектицидтік сабын түрінде шығарылады.
Фосфорорганикалық инсектицидтер қоршаған ортада ұзақ сақталмайды, жиналмайды, өте
тиімді, сондықтан тәжірибеде кеңінен қолданылады: хлорофос, ДДВФ, карбофос,
трихлорметафос-3, дифос, метилнитрофос, сульфидофос.
|